Basty bet

Індет өршімесін десек…

Қазақстанда той өткізуге рұқсат берілді. Алайда тойханаларға Ashyq-та статусы “қауіпсіз” қонақтар ғана кіргізіледі.

“Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын, соңғы екі аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60%-ке төмендегенін айтты. Осыған байланысты 27 қыркүйектен бастап “Ashyq” бойынша “қауіпсіз” мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі”, – делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарламасында.
Атап айтқанда, салтанатты, еске алу және отбасылық шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой) өткізуге рұқсат беріліп отыр.
“Жасыл” аймақта тұрған өңірлерде зал 50%-ке дейін ғана толуы керек, 100 орыннан аспауы шарт.
“Сары” аймақта да 50%-ке дейін, 70 орыннан аспауға тиіс.
“Қызыл” аймақта 50%-ке дейін, 50 орыннан аспауы керек.
Қазіргі таңда елдің көбі тойға рұқсат берілді деп қуануда. Карантин кезінде той болмады деп айтуға да болмайды. Өйткені интернет, көгілдір экраннан көрсетіп жатқан жаңалықтарды көрсеңіз үйлерінде, мейрамханаларда тығылып той берген қаншама отбасы айыппұл төлеп жатты. Алайда олда көмек болмады. Айыппұлды төлеп отырса да, той жасауларын тоқтатпаған қаншама мейрамханалар бар. Осы тойға барып қаншама адамдар індетті жұқтырып, өлім құшқаны, ауыр халде жатқаны аз болмады. Бірақ осы індет қайтадан өршуіне ешкім кепіл бере алмайды ғой. Өздеріңіз білетіндей, шілде айының аяқ жағы мен тамыз айында осы індетпен ауырған адамдардың саны бір күнде жеті мыңға дейін барды.
Індетке қарсы екпе алғандар ғана осы індетті жеңіл өткізуде. Ал екпе салмағандардың көбі осы індетті жұқтырып, ауыр өткізді.
Бірақ тойға барғандардың барлығы екпе алғандар деп те айта алмаймыз. Ауырып келген қонақ, тойда жүрген қонақтардың қаншасын ауыртады.
COVID-19 індетінің жұқпалы ауру екенін ұмытпауымыз керек. Бір адам бес-алты адамға дейін жұқтыруы мүмкін.
Сол үшін бәріміз екпе алып, өзімізге сенімді болып жүрейік. Осылай тойға рұқсат берілді деп қуанып жүргенімізде қайтадан індетті өршітіп алмайық.
Сол үшін әрқашанда сақтанып жүрейік. Жақындарымызды аты жаман індеттен сақтайық.
Екпе салдыруды ұмытпайық ағайын! Бұл өзіміз үшін. Екпе алу арқылы ғана індеттен біржола құтылуға болады.

Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close