Qoǵam

Уақытты үнемдеп, жұмыс сапасын арттырады

 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Әулиеата өңірінде, соның ішінде Жуалы ауданында қарқынды жүзеге асырылып келеді. Мәселен, аудан тұрғындары үшін  жыл басынан бергі үш тоқсан ішінде 13 201 мемлекеттік қызмет көрсетілген, соның ішінде 8181 электрондық негізде.

Бүгінгі күні «Электрондық үкімет» порталы арқылы тұрғындарға 700-ден аса қызмет түрі көрсетіледі. Сонымен қатар, тұтынушы «Connection point» секторы арқылы өздігінен қызмет ала алады. Биыл жыл басынан электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қызмет алғандар саны 72 283 адам.

Одан бөлек, мемлекеттік корпорация бірнеше жаңа пилоттық жобаларды жүзеге асыруда. Олар қызмет алушылардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге көмектеседі.  Мәселен, баланың туу туралы куәлігін алу, балабақшаға кезекке тұру, мемлекеттен берілетін жәрдемақыларға сұраныс, мекенжайға онлайн тіркелу өтініштерін смс хабарлама арқылы бере алады. Шалғай елдімекендерде тұратын халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында аудандағы 22 мекемеде 772  тұрғынға кеңес берілген.

Әсіресе, шалғай ауылдардың тұрғындары үшін тиімді. Енді мемлекеттік қызмет алу үшін аудан орталығына барып, бітпейтін кезек пен түрлі кабинеттерде уақыт өткізудің қажеттілігі жоқ.  Себебі,  енді әрбір ауылдық округке қарасты кітапхана ғимаратында халыққа қызмет көрсету бөлімшелері ашылуда. Мұндай орталықтар бүгінде ауданның     14 ауылдық округінде жұмыс істейді.

Әсіресе, шалғай ауылдардың тұрғындары үшін тиімді. Енді мемлекеттік қызмет алу үшін аудан орталығына барып, бітпейтін кезек пен түрлі кабинеттерде уақыт өткізудің қажеттілігі жоқ.  Себебі,  енді әрбір ауылдық округке қарасты кітапхана ғимаратында халыққа қызмет көрсету бөлімшелері ашылуда. Мұндай орталықтар бүгінде ауданның 14 ауылдық округінде жұмыс істейді.

– Ашылып отырған цифрлық-ақпараттық орталықта ауыл тұрғындары  мемлекеттік қызметтің 18 тармақ бойынша 120 анықтама түрін пайдалана алады. Анықтама қағазынан бастап, электрондық цифрлық қолтаңбаға дейін, айыппұл мен түрлі төлемдер түрін де осы жерде жасай алады. Заман талабына сай орталықтың кітапхана ішінде ашылуының да себебі бар. Келген жұрт кезек күтіп бос тұрмай, сөрелерде тұрған кітаптармен танысып, оқуына болады. Осылайша, жауапты мамандар  кітап оқуға жастар мен ауыл тұрғындарының ынтасын арттыруға да ықпал етеміз деген сенімдеміз, – дейді аудандық орталық кітапхананың директоры Салтанат Біләнқызы.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде 20 ауылдық кітапхананың базасында осындай орталықтар құрылған. Айта кетейік, әрбір орталық компьютермен және интернет желісімен жабдықталған. Яғни, орталық мамандары тұрғындарға Еgov.kz электрондық үкіметі арқылы қажетті құжаттарын рәсімдеп, мемлекеттік бағдарламаларға қатысты кеңес беретін болады. Сонымен қатар, жыл соңына қарай несие, тұқым алуға, сонымен қатар, ұл-қызын ЖОО, колледжге, түсіру үшін қандай құжаттар жіберу керектігі жайлы да ақпарат бере алады. Бұл алыс ауылдардағы ағайын аудан орталығына барып, уақыт жоғалтпайды деген сөз.

Цифрлық-ақпараттық орталықта жұмыс істейтін (кітапханашы) маманның біліктілігін арттыру мақсатында түрлі оқыту курстарынан өтеді. Біліктілігін жетілдірген қызметкер ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірдегі білім ордаларында ІТ-сыныптар ашылуда. Аудан орталығындағы №15 мектеп-лицейде ашылған ІТ-сынып заман талабына сай.  Мұнда электронды құралдар, робототехника жиынтықтары, жоғарғы жылдамдықты интернет пен beb-бағдарламалары бар компьютерлер бар. Яғни, үйренем деген жасқа бар жағдай қарастырылған. Сынып балалары жаңа білім беру стандарты бойынша оқытылмақ. Енді оқушылар қарапайым алгоритмдер құрумен қатар, бағдарламалар тізімін, ойындар мен WEB сайттарды жасап шығара алады.

Жалпы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітап қоры 291 988 дана, оның ішіндегі мемлекеттік тіліндегі 159 572 дана әдебиеттер. Оқырман саны 13450, кітап берілімі 236 455, келім 130 582. Мемлекеттік тапсырыстан 2582 кітап, сыйға 295 кітап келіп түсті. «РАБИС» бағдарламасына 246 256 дана дерекқор енгізілді. Жергілікті бюджеттен 1605,0 мың теңгеге 754 дана кітап алынды. Мерзімді басылымдарға 1100,0 мың теңгеге 38  дана газет-журналдарға жазылды. Бүгінгі күнге компьютермен қамтылған 25 кітапхана Интернет желісіне қосылып, «РАБИС» бағдарламасымен жұмыс істеуде.

Айта кетелік, кітапханалар қорындағы жергілікті ақын-жазушылардың  кітаптарының бүгінде 102 данасы электронды нұсқаға аударылған. Сонымен қатар, кітапхана ұжымы негізгі үш бағытта толымды тірліктер атқаруда.

1948 жылға дейінгі  цифрландырылған кітаптарды енді электронды түрде кітапхана сайтынан көруге болады.  Ал, кітаптарды цифрландыру жүйесі әлі де жалғаспақ.

Цифрландыру процесі ауданның мемлекеттік басқару, ішкі істер және сот салаларының жұмысына да қарқынды ену үстінде. Аудан әкімдігінен, бірқатар ауылдық округтерден «Сервистік әкімдіктер» мен «Open space» жобалық кеңселері ашылуда. Мұнда тұтынушымен тікелей байланысқа түсетін қызметкердің жұмыс орнының ашықтығы қамтамасыз етілген. Жыл басынан бері аталған сервистік әкімдіктер мен жобалық кеңселер арқылы 1737 тұрғынға 14 қызмет түрі ұсынылған.

– Аудандық полиция бөлімінде әкімшілік құқықбұзушылық пен қылмыстық іс жүргізу электронды түрде жүзеге асырылуда. Жаңа жүйе арқылы жыл басынан бері 3 747 хаттама толтырылып, 34 млн. 634 мың 673 теңге айыппұл салынған. Өңір полицейлері 23 дана арнайы планшетпен қамтамасыз етіліп, жұмыс істеуге көшті. Бұл тәртіп сақшыларының Ішкі істер министрлігінің базасына оңай кіріп, қажетті ақпаратты жедел алуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қылмыстық істер де электронды түрде жүргізіле бастады. Жобаға әзірге жеңіл санаттағы қылмыстар енгізілген. Былтыр жыл соңына дейін орта санаттағы қылмыстар еніп, ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша істер электронды түрде жүргізіледі. Аудандық полиция бөлімінде электронды форматта 147 қылмыстық іс тергеліп, оның 117-і аяқталып, сотқа жолданды.

Бүгінгі таңда бөлімдегі барлық жұмыс орындары цифрландырылған, яғни, компьютер, стилус, графикалық планшет секілді керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, әкімшілік іс жүргізу өндірісі де біртіндеп электрондық форматқа көшілуде, – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Дархан Нұралиев.

Соттардың жұмысына озық ақпараттық технологиялардың енуі сот төрелігінің ашықтығын әрі бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеуде, бұл өз тарапынан қоғамның сот жүйесіне сенімін арттырады және айтарлықтай сот жұмысындағы қателіктерін төмендетеді.

Сот саласындағы цифрландыру жұмыстарының бірі судьяларда «Цифрлық көмекші» сервисі енгізілген. Ол жерде барлық сот істері базалық мәліметтерге енгізіледі, соттарда «SMART сот» жобасы жұмыс істеуде, ол азаматтық, қылмыстық істер бойынша жақтарға бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуға мүмкіндік береді, яғни «TrueConf» қосымшасымен смартфон арқылы қосыла алады.

– Елімізде COVID-19 инфекциясының белең алуына байланысты аудандық сотта санитариялық қауіпсіздікті сақтау шаралары күшейтілді. Қылмыстық, азаматтық істер бойынша онлайн «WhatsApp» қосымшасы арқылы қаралуы жалғасуда. Бұл да цифрландыру жұмысының жетістігі.

Ақпараттық технологиялар бір орнында тұрмайды, озық технологиялардың күнделікті жаңартылып, жұмысымызға енуі біздің қызметте көп жеңілдіктерді ашады, уақытымызды үнемдеп, сот жұмысының сапасын арттырады, – дейді аудандық сот кеңсесінің бас маманы-сот отырысының хатшысы Дулат Досыбайлы.

Абылайхан СӘРСЕН,

 «Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close