Basty bet

Сақтық шараларын естен шығармайық!

Covid-19 эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына және басқа да талаптарға сәйкес облысымыз «жасыл» аймақта.

Өңірдің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері осы ахуалға байланысты 2021 жылдың қыркүйек айында облыс аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезеңмен жеңілдету туралы қаулысын шығарды. Соның арқасында барлық тойханалар, ойын -сауық, спорттық іс- шаралар орындардардың барлығы ашылды.
Сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық орындарда және үй жайларда, қоғамдық көлікте бетперде кию талаптарын сақтау керек.
Кәсіпкерлік нысандардың иелері «Аshyq» қосымшасы бойынша «сары» немесе «қызыл» мәртебесі бар, оқшаулануға жататын келушіні анықтаған кезде растайтын материалдарды ұсына отырып, деректі ұялы байланыс, электрондық пошта арқылы, сондай-ақ басқа да қолжетімді тәсілдермен жауапты қызметкерлерге хабарлауы қажет.
Сонымен қатар санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режімінің, эпидемияға қарсы режім талаптарының сақталуына күнделікті мониторинг жүргізіле беретін болады.
Тойхана мен ойын-сауық өткізілетін жердің барлығын ашып, мына аты жаман індетті қайтадан көбейтіп алмаймыз ба? деген сұрақ тұрғындардың көбін мазалайды. Өйткені тойға келген қонақтардың ішінде ауырып жүрген адамдар болмайды деген кепіл жоқ.
Тойхана иелері «Аshyq» бағдарламасын орнаттық, келген қонақтар осы мен тексеріліп кіреді» дейді.
Ел ішінде вакцинаның ІІІ кезеңі қараша айынан бастап салынады деген әңгіме бар. Бұл қаншылықты шын немесе өтірік екенін әлі білмейміз. Бір білетініміз, екпені алып ауырғандар, ауруды жеңіл өткізуде. Ауруханада аса ауыр жағдайда түскен адамдардың көбісі екпе алмағандар.
Қазіргі таңда ауданымызда көптеген ауылдық округ тұрғындары екпенің І-ІІ кезеңін салдырып, 100 пайыз орындады. Ауыл тұрғындары алғашында сенбеушілік танытқанымен, уақыт өте ауырған туысқандарын, көршілерін көріп өз еріктерімен екпе салдырады. Біздің аудан облыс бойынша вакцина салдырғандардың алдыңғы қатарында тұр десек, қателеспейміз.
Аудандық емхананың берген соңғы мәліметіне сүйенсек, І-ші компонентті 23 559 адам яғни (93,6%) вакцина салдырды, екінші компонентті 19 899 адам (79,1%) салдырған
Дегенмен, індет жұқтырып, ауырып жатқандар әлі де бар. Сондықтан сақтанып жүрейік. Жылы киініп, дұрыс тамақтанып, сақтық шараларын естен шығармайық.
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолымен жүрейік!

Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close