El іshі

Шалғайдағы қыстақтар жауапты науқанға дайын

Аудан малшылары алдағы жауапты кезең – мал қыстату науқанына аса дайындықпен келді.

Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне қарағанда, аймақта тіркелген шаруа қожалықтардың шалғайдағы 221 мал қыстағы болса, оларда 87 054 бас мал, соның ішінде 5 325 бас мүйізді ірі қара, 76 316 бас уақ мал, 5 413 бас жылқы бағылуда. Мал базасында 46 936 тонна шөп, 8 903 тонна сабан, 1 783 тонна жем жиналған.
– Шалғайдағы мал базаларында мал басының қауіпсіздігі мәселесі әлі де өзекті болып отыр. «Қауіпсіз Жуалы» бағдарламасы аясында мал күтімімен айналысатын малшы отбасыларымен материалдық жауапкершілік туралы 20 келісім-шарт жасалған. 221 қыстақтың 180-інде малшылар тұратын жарық әрі жылы тұрғын үй бар. Олардың айлық жалақылары уақтылы төленеді. Шалғай қыстақтарда жемшөп қоры жеткілікті, малдары қоңды,- дейді бөлімнің бас маманы Нұрғазы Қыстаубаев.

Абылайхан СӘРСЕН,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close