El іshі
Қайта вакциналауға дайын болыңыз
Елімізде қараша айының үшінші онкүндігінде қайта вакциналау басталады. Осыған орай Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакциналау кезінде кімге қандай вакцинаны егуге болатынын түсіндірді.
Министрдің айтуынша, векторлық (Спутник) вакцинаны салдырғандар тоғыз айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қосымша салдыра алады. Инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакциналарын салдырғандарға алты айдан кейін векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қайта алуға болады. М-РНҚ (Pfizer) вакцинасын алғандар алты айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинасын қайта салдыра алады.
Вакциналау курсы аяқталғаннан кейін коронавируспен ауырғандар жазылғаннан кейін үш айдан соң қайта вакциналаудан өтеді.
Қайта вакциналау үшін вакцинаның бір ғана дозасы пайдаланылады. Бірінші вакцинаның толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 айдан соң қосымша дозаны алуыңызға болады.
«Жаңа өмір» – ақпарат