Qoǵam

Тұрғындарды қабылдады

Өткен аптаның жұма күні аудан әкімі Олжас Қаржауов бірқатар тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдап, олардың мұң-мұқтажына назар аударды. Аудан басшысының бұл жолғы қабылдауына барлығы 11 тұрғын алдын ала жазылған екен.
Қабылдауға қайырылған тұрғындардың дені – тұрмыс жағдайларына байланысты біржолғы көмек және тұрғын үй құрылысын жүргізуге көмек, жер пайдалануда мемлекеттік актіні ұзарту, сонымен қатар, тұрғын үй беру, басқа да жағдайларға байланысты көмек сұрап келгендер. Қабылдау барысында әр салаға жауапты басшылар да шақыртылып, өтініш иелеріне заңдылық аясында тиісті жауаптар берілді.

«Жаңа өмір» – ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close