El іshі

Өңірде ауыз толтырып айтар жетістіктер аз емес

Жуалы ауданы негізінен ауыл шаруашылығы өңірі болып табылады. Бүгінгі күнге аудан экономикасының өсімдік өсіру, мал шаруашылығы және басқа да бағыттарда даму үлесі артуда.
1991 жылдан бері өндеу өнеркәсібінің өнім көлемінің ұлғаюы 1 510,5 млн. тенгеден 10 709,1 млн. тенгеге, өңдеу өнеркәсібі 1 510,5 млн. тенгеден 5 131,3 млн. тенгеге артты.

Тәуелсіздік алған жылдан бері ауданда бір қатар орта өнеркәсіп кәсіпорындары ашылып жұмыс атқаруда. Олар – «Бурный сүт компаниясы» ЖШС, «Burnoe Solar – 1,2» ЖШС, «Гамбург» ЖШС, «Aqmol» ЖШС және тағы да басқалары.
Аудан экономикасын ілгерілету бағытында 2014 жылы «Бурный сүт компаниясы» ЖШС, 2018 – 2019 жылдары «Burnoe Solar – 1, 2» ЖШС іске қосылды.
Ауданымызда 2010-2020 жылдар аралығында индустрияландыру карта аясында «Burnoe Solar-1,2» ЖШС 48006 млрд теңгенің жобасы іске асырылды. Тұрақты 300 адам жұмыспен қамтылды.
2021 жылы «AQMOL 2025» ЖШС-нің «Сүт өңдеу және ірімшік өндіру бойынша сүт цехын кеңейту» жобасы құны 220,0 млн.теңгені құрайды.
Одан бөлек, 8,207 млрд теңгенің 5 жобасын қосымша қосу бойынша жұмыстар жүргізілдуе, аталған жобалар іске асырылылған жағдайда тағы да 130 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтылады.
Жуалы ауданында жанартылған электр энергиясы көздерінің жалпы қуаты 118 МВт болатын 3 нысан бар, оның ішінде бір су электр станциясы (Көксай), екі күн электр станциясы (Burnoe Solar – 1,2).
Ауданда жалпы сомасы 176,6 млн. теңгеге 12 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылды, оның ішінде білім беру саласында 9 нысан, денсаулық сақтау саласында 3 нысан салынып, пайдалануға берілді.
Инвестициялар саласында 1991 жылдан бастап негізгі капиталға инвестициялар 680 есе өсті (11,0-ден 6 800,0 млн.теңгеге дейін) және 155 802,5 млн. теңгені құрады.
Ауданға тартылған инвестициялар жеке және мемлекеттік қаражат есебінен құрайды
Агроөнеркәсіптік кешен. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін агроөнеркәсіптік кешен өңір экономикасының ажырамас бөлігі болып қала береді. 1991 жылдан бастап ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 32 есе – 33 803,9 млн.теңгеге дейін (1 702,8-ден 33 803,9 млн. теңгеге дейін) өсті.
2021 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 59 090 га құрайды.
Жуалы ауданында 2021 жылы 39 174 гектардан 49 359 тонна дәнді дақылдар өсірілді, 2 660 гектардан 64 638 тонна картоп, 707 гектардан 17 887 тонна көкөніс жиналды.
Ауданда 2 462 шаруа қожалығы белсенді жұмыс істейді.
Бүгінгі күні ауданда ірі қара мал саны 48 244 бас, қой мен ешкі 220 664 бас, жылқы 11 065 бас және құс 127 579 бас. Халыққа 11 482 тонна ет, 43 656 тонна сүт, 8 318,0 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Өңірде тың қарқынмен дамып келе жатқан салалардың бірі – кәсіпкерлік саласы. Мұнда 2017-2020 жылдар кезеңінде шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 1,2 есе өсті (3721 – ден 4580 бірлікке дейін), осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 6640 адамды құрайды, өнім шығару көлемі-1,9 есе (19735,0-ден 36440,0 млн.теңгеге дейін).
Кәсіпкерлік субъектілер 2021 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша бюджетке 261 млн. 790 мың теңге салық түсірді.
Әлемнің дамыған елдері үшін жол инфрақұрылымының сапасы жайлы орта құрудағы аса маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Халыққа жайлы тұрмыстық орта құруға бағытталған инфрақұрылымдарды дамыту мәселесі күн тәртібінен ешқашан түскен емес.
Ауданның жол-көлік инфрақұрылымы жыл санап даму үстінде. Мұндай істердің жүйелі жүргізіліп келе жатқанына тұрғындар да куә. Соңғы екі-үш жылдың өзінде бірқатар ауқымды жұмыстар жүргізіліп, жол қатынастары қолайлы бола түсті. Тек ауылішілік көлік жолдары ғана емес, елді мекендерді жалғайтын жолдар жөнделіп, қатынас жеңілдеді.
Бүгінде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісінің ұзындығы 561,2 мың шақырымды құрайды, оның ішінде аудандық маңызы бар – 108,12 шақырым, ауыл жолдарының ішінде – 263,0 шақырым.
Жолдарды қайта құру кезінде пайдаланылатын материалдардың 100% – ы қазақстандық кәсіпорындарда өндірілген.
Аудандық маңызы бар жолдардың 90% қанағаттанарлық жағдайда.
30 ауылда сапалы ауыз суға қол жеткізу мәселесі шешілді. Ауылдық округ тұрғындарын таза сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
Аудан тұрғындарының газбен қамтамасыз етілуі 2021 жылға 38 елді мекенді құрайды, екі елді мекенде газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бүгінгі таңда қалған тоғыз елді мекенде газбен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде.
Республикамыздың дамуының қазіргі кезеңінде Жуалы ауданы халыққа арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасын белсенді түрде енгізуде, қазіргі уақытта аудан аумағында 18 пәтерлі 3 қабатты үй салынуда, сондай-ақ ауылдық округтерде аз қамтылған отбасыларды қолдау бойынша «Асар» бағдарламасы жұмыс істейді, оның шеңберінде 2021 жылға 20 үй салынды және жөнделді.
Бүгінгі күні тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін бөлуге 4181 өтініш келіп түсті. 826 өтініш қанағаттандырылды, қалған 3285 тұрғынға жер учаскелерін бөлу үшін инженерлік жұмыстарды жүргізуді зерделеу мақсатында 4 объект анықталды.
Аудан жоғары көліктік-логистикалық әлеуетке ие.
Учаскелердің жалпы көліктік-пайдалану жағдайы едәуір жақсарды.
Әлеуметтік саладағы көрсеткіштер айтарлықтай жақсарды.
Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары 15 есеге артып, 1997 жылдары 2 505 тенгеден 36 838 теңгеге ұлғайған. (2021 жылдың ІІІ тоқсанына) теңге.
Жұмыссыздар саны 1,5 есеге кеміген. (1,8 мың адамнан 1,2 мың адамға). Жұмыссыздық деңгейі 6,3% – дан 4,5% – ға кеміген.
Жұмыспен қамтылған халық саны 25,7 мың адамға немесе 131,0% – ға өсті (19,6 мың адамнан 25,7 мың адамға дейін).
Тәуелсіздік жылдарында орташа айлық жалақы 1999 жылғы 4 828 теңгеден 2020 жылғы 149 122 теңгеге дейін 31 есе өсті.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшалармен қамтамасыз ету 1 788 есеге (22,0% – дан 98,2% – ға дейін) ұлғайды.
2 мыңнан астам бала үшін 24-тен астам балабақша салынып, қалпына келтірілді.
Тәуелсіздік жылдары ішінде ауданымызда білім саласында 17 жаңа нысан салынып, пайдалануға берілді. 2003 жылы Жылыбұлақ ауылынан 40 орындық Жылыбұлақ бастауыш мектебі соғылды.
2004 жылы Талапты ауылынан 250 орындық Б.Момышұлы атындағы ОМ соғылды.
2005 жылы 5 мектеп пайдалануға берілді. Орджоникидзе МГ, А.Герцен ОМ, Көктөбе ОМ, Д.Пахомов ОМ, Ш.Уәлиханов ОМ.
2006 жылы Шыңбұлақ ауылынан 280 орындық Т.Рысқұлов атындағы ОМ салынды.
2008 жылы Т.Дүйсебай ауылынан 180 орындық Амангелді атындағы ОМ салынды.
2009 жылы Көлбастау ауылынан А.Гайдар атындағы ОМ 330 орындық салынды.
2010 жылы Жаңаталап ауылынан 100 орындық Жаңаталап ОМ салынды.
2012 жылы Ақтөбе ОМ салынды және 280 орындық «Аягүл» бала бақшасы савлынды.
2014 жылы А.Матросов атындағы негізгі мектеп және Б.Момышұлы ауылынан №15 орта мектептері салынды.
2014-2015 ж. Ертай ауылынан М. Ғабдуллин атындағы ОМ салынды.
2015-2016 ж. Қошқарта ауылынан 180 орындық Абай атындағы ОМ салынды.
2016 жылы Б.Момышұлы ауылындағы Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясына жаңа қазандық салу және мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2018 ж. Қызыларық ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы ОМ салынды.
Бұдан бөлек 29 нысанға ағымдағы жөндеу және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде денсаулық сақтау саласында айтарлықтай оң өзгерістер орын алды. 23 медициналық нысан салынды, оның 16-сы медициналық пункт болса, екеуі фельдшерлік-акушерлік пункт, бесеуі дәрігерлік амбулатория.
Екі мұражай, бір дене шынықтыру-сауықтыру кешені, үш бассейн, бір жаңа мәдениет нысаны және 28 спорт нысаны (стрит воркаут және шағын футбол алаңы) пайдалануға берілді.
Аудан тұрғындары медициналық қызмет алу, аз қамтамасыз етілгендерге әлеуметтік көмек көрсету, мүгедек балаларды үйде оқыту, балабақшаларға кезек алу, Банк қызметтері, Халыққа қызмет көрсету орталықтары және т.б. қызметтерді қамтитын арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің толық тізбесін алады.
Өңірде бірқатар республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жобалар сәтті іске асырылды. Соның бірі әрі бірегейі “Burnoe Solar – 1, 2” ЖШС құрылысы. Объектінің мақсаты – елдің оңтүстік аймағында электр тапшылығын толтыру.
Нысан ашылған күннен 2015 жылдан бастап 300 жұмыс орны ашылды.
“Burnoe Solar – 1, 2” ЖШС ұжымы ауданда өткізілетін қайырымдылық акцияларға белсенді қатысады, аз қамтылған отбасыларға көмектеседі.
2020 жылдан бері өңірде «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» пилоттық жобасы сәтті іске асырылуда. Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бағыты – 2021 жылы 68 га жері бар 444 аула (4 га қызанақ, 4 га қияр, 30 га картоп, 7 га жүгері, 3 га қырыққабат, 3 га бұрыш, 5 га асқабақ, 10 га көпжылдық шөп және т.б. өнімдер 2 га. жерге егілді.) өз есебінен жерлерін игерген. Жиналған өнім 1 237 тонна (қияр 60 тн, қызанақ 72 тн, картоп 764 тонна, жүгері 72 тн, қырыққабат 87 тн, бұрыш 90 тонна, көпжылдық шөп 42 тонна, және т.б. 50 тонна).
Мал шаруашылығын дамыту және мал сатып алу бағыты бойынша пилоттық ауылдық округте 2 347 мал басын сатып алуға 191 ауыл тұрғыны несиемен қаржыландырылды.
Жоба аясында 2021 жылы 94 тонна ет, 320 тонна сүт өнімі өндірілді. Жыл соңына дейін қосымша 120 тонна ет өндіру жоспарлануда.
Жалпы округте 2021 жылдың 05 қарашасына 15 660 мал басы тіркелген (2286 бас сиыр, 874 бас бұқа, 11200 бас қой мен ешкі, 1300 бас жылқы). 2020 жылмен салыстырғанда 4 215 мал басына көбейді.( 838 төл)
Тұрғындардың ауыл сыртындағы жерін тиімді пайдалану үшін 778 га. дақылдар (бидай-150га, арпа-150 га, жүгері-50 га, 5га жерге таң қурай) егілді.
Биылғы қуаншылыққа байланысты 150га. арпа жарамсыз болып танылды. 50 га егілген жерден 3ц өнім алынды , бидайдың – 75га. жарамсыз болып танылды. 125га. егілген жерден 4-5ц өнім алынды, көп жылдық шөптен 205тн өнім өндірілді. 700 тн. сүрлемдік жүгері әзірленді. 2021 жылы “Атамекен-Бастау” кооперативіне 10 га егістік жер телімі берілген.
Кооперативтерді жабдықтау және құру бағыты бойынша 19 дана ауыл шаруашылығы техникалары лизинг жүйесімен сатып алуға жергілікті бюджеттен 93 860 мың теңгеге 5%-бен несиелендірілді. Алынған 19 дана техникаларға республикалық бюджеттен (25%)19 845 мың теңге, инвестициялық субсидия төленді.
Пилоттық жобаның 5-ші бағыты – округте жеке кәсібін ашуға ауыл тұрғыны Гүлбану Қанатбаева кондитерлік цехына 4 760 мың теңге несиемен қаржыландырылды. Өндіріс іске қосылған.
Бүгінгі күнге 2600 кг кондитерлік (нан, тәтті бәліш, печенье) өнімін өндіріп, ауданның, ауылдық округтың сауда орындарына сатылуда. Өндірісте 3 адамға тұрақты жұмыс орын ашылды.
– Бірер күнде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейлі мерекесін атап өтеміз. Осы ретте Тәуелсіздігіміздің нығаюына үлес қосу – әрқайсымыздың міндетіміз. Өңір халқы да Президент Жолдауларында айтылған міндеттерді межеге алып жұмыс атқаруда. Алда атқарылатын жұмыстар өте көп. Мемлекеттің сындарлы саясатын басшылыққа ала отырып атқарып жатқан жұмыстарымыздың барлығы халықтың игілігіне бағытталуы тиіс деп білемін. Осы жолда Жуалы жұртшылығы бар ынта-ықыласымен аянбай еңбек ете беретін болады, – дейді аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы.

Абылайхан СӘРСЕН,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close