Basty bet

Мерекелік медаль табысталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудан әкімдігі аппаратының кіші мәжіліс залында қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген азамттарды марапаттау рәсімі өтті.Рәсімге Жамбыл облысының «Дүниежүзі қазақтары және отандастар» қорының төрағасы, облыс әкімінің кеңесшісі Арқабек Төлебаев, төрағаның орынбасары Есенхан Рымқұлов, аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығыны» ҚБ аудандық филиалының директоры Шора Ысқақов қатысты.
Жиында алдымен сөз алған Жамбыл облысының «Дүниежүзі қазақтары және отандастар» қорының төрағасы, облыс әкімінің кеңесшісі А.Төлебаев қордың атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.
Содан соң, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен жеке кәсіпкер Гүлбану Қанатбаева және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығыны» ҚБ аудандық филиалының директоры Шора Ысқақов марапатталды.
Марапатты аудан әкімінің орынбасары А.Ахметова және аталған қордың төрағасы А.Төлебаев тапсырды. Сонымен қатар, қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close