El іshі

Белсенді жастардың еңбегі еленді

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай ауданның гүлденуі, дамуы жолында талмай еңбектеніп жүрген белсенді жастарды марапаттау рәсімі өтті.

Жиынды «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Нарымбеков ашып, жүргізді.
– Тәуелсіздік – біздің басты байлығымыз және құндылығымыз. Біз бейбіт заманда, бірлігі мен татулығы жарасқан елде өмір сүрудеміз. Мемлекеттік Әнұранымыз, көк Туымыз, Елтаңбамыз және белгіленген шекарамыз бар. Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары 30 жасқа толды. Жаңа толқын, елді әрі қарай дамытатын жастар да осылар, – деген Марат Аманғалиұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Елдіктің жеті тұғыры» және «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақалаларына кеңінен тоқталды.
Әрі қарай марапаттау рәсімінде М.Нарымбеков алдымен партия қатарына жаңадан қосылып отырған Жаңаталап орта мектебінің мұғалімі Нұрман Сәбденәлиевке, «Жуалы газ» мекемесінің қызметкерлері Кәмшат Байжұманға және Райхан Базарбаеваға партиялық билеттерді табыс етті. Сонымен қатар аудан әкімі Олжас Қаржауовтың Алғысхатымен төрт азаматты марапаттаса, үш азаматқа аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубековтың және жеті жасқа «Nur Otan» партиясының Алғысхаттарын табыстады.

Таңдаулы материалдар

Close