Basty bet
6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.
Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:
1) Конкурсқа қатысу үшін өтініш;
2) Сауалнама толтыру;
3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
4) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, оқу жылының I жартыжылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі.
5) Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.
Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі:
Дүйсенбі-жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Түскі үзіліс уақыты: 12.00-13.00-ге дейін.
Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әрбір Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына келушілер ағымын реттеу үшін онлайн-брондау қызметі жүзеге асырылады. Бұл қызмет Сізге құжаттарды тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді.
Құжаттарды қабылдау келесі мекен жайда жүргізіледі:
Тараз ФМБ, Арай массиві, Домалақ ана көшесі, 266.
Байланыс: 8 (7262) 99-98-56, 8 775 643 71 19, trz.nis.edu.kz
Құжат 2022 жылдың 21 ақпанына дейін қабылданады.