Basty bet
Д3 дәруменінің (витамин) балалар ағзасына әсері
Дәрумендердің өсіп келе жатқан бала ағзасына тигізетін әсері өте зор. Өйткені олар заттардың алмасуын, иммунитеттің дұрыс қалыптасуын, жүйке жүйесінің қызметін реттейді. Дәрумендердің бала ағзасында жетіспеушілігінен «гиповитаминоз» деген құбылыс пайда болады.Соның ішінде дәлелденген дәрумендердің бірі, Иммунитеттің патшасы болып табылатын -Д3 дәрумені. Бала үшін күнделікті ең қажетті қосымшаларының бірі. Баланың дамуына қосатын үлесі зор.
Сонымен Д дәруменінің (Витамин)қызметіне тоқталсақ:
•Бала иммунитетін көтеру (70% иммунитет ішекте қалыптасады) Витамин Д ішекте пайдалы микрофлораны көтереді
• Рахит ауруының алдын алу
• Аллергиялық реакцияның алдын алу
• Баладағы семіздіктің алдын алу
• Кариес тіс бұзылысының алдын алу
• Қант диабетінің алдын алу
• Жүрек ауруларының алдын алу
• Бала өсуіне, тірек қимыл жүйесіне (сүйектің, бұлшықеттің дұрыс өсуі, бекем болуы)
• Кальций – фосфор алмасуын, ағзада жиналуын реттейді
• Дофамин бақытты гормонын бөледі(бақытты бала)
• Депрессивті жағдайдан тез шығу
• Есте сақтау қызметін жақсартады т.б әртүрлі аурулардың алдын алу ретінде, адам ағзасына пайдалы дәрумен.
Балаларда Д дәруменінің жетіспеуі неге әкеледі?
Жетіспеушілік болса, балаңыздың 3 айына қарай белгілері біліне бастайды, Олар: рахиттің белгісі сүйектің жұмсаруы, аяқ қисаюы, жалпы дамудың артта қалуы;
Ұйқы нашарлайды, ашуланшақ, тез шаршау;
Тершеңдік, тері қышуы;
Бұлшықет тонусы әлсіз болады, мойнын кеш ұстайды, кеш отырады, кеш жүреді;
Асқазан ішек бұзылысы: іш өту, іш қату, желдену;
Тіс шығуы қиын жүреді;
Ауыр жағдайларда шүйде сүйегі тегістелуі, тіс кеш шығуы, дамудың артта қалуы.
Д жетіспеушілігінің алдын алу:
Жүктіліктен бастап, емізетін болсаңыз Д3 қабылдаңыз.
Күн астына жиі баламен серуенге шығыңыз.
Жасанды сүт қоспасын ішетін болса, құрамында Д3 болатын түрін алыңыз.
Д3 дәруменін профилактикалық дозада балаға беріңіз.
Д3 дәрумені күн сәулесінен теріміз арқылы синтезделіп, ағзаға түседі, ағзаға түскен соң, ашішек арқылы сіңіп, одан бауырға, одан соң бүйрекке барып, активті түрге айналады. Қыс айларында күн тікелей түспейтіндіктен және аз серуендеуге байланысты ағзаға Д3 аз мөлшерде түседі.
Д3 дозасын қалай береміз?
Д3 бізде қаншалықты екенін білу үшін анализ тапсырамыз, Ал, негізінен баланың бір айлығынан бастап барлық бала ішуі керек. Бір айлық балада профилактикалық доза бір тамшы таңғы уақытта, күніне 1 рет. Балаңызға Д3 дәруменін дәрігеріңізбен кеңесе отырып беріңіз.
Балаңыздың иммунитеті жақсы қалыптасу үшін, дені сау болып өсуі үшін, аурулардың алдын ала білейік!
Назыгүл Зейнулла, Нұрлыкент ауылдық дәрігерлік амбулаториясының
балалар дәрігері