Basty bet
«Тұрғын үй қатынастары туралы» жаңа заң бойынша
Мүлік иелерінің бірлестіктерін тіркеу «Тұрғын үй қатынастары туралы» жаңа заң бойынша 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап дәстүрлі пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) күшін жойып, олардың орнын жай серіктестіктер (ЖМ) және мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) алмастырады. Олар бір үй – бір басқару органы жүйесі бойынша жұмыс істейді және үйдің жай-күйіне меншік иелері өздері жауапты болады. Егер тұрғындар мүлік иелерінің бірлестігін құруды таңдаса, онда оны ХҚО бөлімшесі арқылы құзыретті мемлекеттік органда тіркеуі керек. Ол үшін тұрғындар арасынан сайланған өкіл ХҚО операторына келесі құжаттарды ұсыну қажет: 1) пәтер иелері жиналысының хаттамасы; 2) бірлестік жарғысы немесе үлгілік жарғы негізінде қызмет жүргізу туралы өтініш; 3) төлем туралы түбіртек (1 АЕК). Бірлестік 10 жұмыс күні ішінде тіркеледі.
Жуалы аудандық
Халыққа қызмет көрсету бөлімі