Basty bet

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға міндеттіміз!

Кез келген мемлекеттің саяси-экономикалық тұрақтылығының дамуы, ол сыбайлас жемқорлықтың төмендігі. Бұл шетел ғалымдарының көптеген жылдар ішінде зерделеуінің нәтижесінде анықталған факт.
Барлығымыз білетіндей, еліміздің Президенті 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын» бекітті. Тұжырымдамада халықаралық тәжірибені шолу бойынша, шетелдік озық практикалардың халықаралық тәжірибесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасау үшін көптеген факторлар мен элементтерді кешенді түрде ұштастыруды көздейтін жүйелі тәсілдері қолданылады.
Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір сарынды іс-қимылдан қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген нысандарын қабылдамауына, алдын алу шараларының басымдығына көшуді бастайды.
Жемқорлыққа қарсы күресте заңсыз жұмыс әдістері мен арандатушылық әрекеттерге жол берілмейді.
2003 жылдың 31 қазанында Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің Бас Ассамблеяның 58-ші алқалық отырысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Конвенциясын қабылдады. Аталған Конвенция 2005 жылдың 14 желтоқсанында күшіне енді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 мамырдағы №31 Заңы шықты.
Конвенцияның негізгі мақсаты – неғұрлым тиімді және пәрменді түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы күреске бағытталған шараларды қабылдау мен нығайтуға жәрдемдесу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда және оған қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру, жеңілдету мен қолдау және техникалық көмек көрсету, оның ішінде активтерді қайтару жөнінде шаралар қабылдау, адалдық пен параға сатылмаушылықты, жауапкершілікті, сондай-ақ көпшілік істер мен көпшілік мүлікті тиісті басқаруды көтермелеу осы Конвенцияның мақсаттары болып табылады.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 қазандағы № 365-Заңы шықты. Аталған Заңда қылмыстық, қылмыстық процестік кодекстеріне өзгерістер енгізілген.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 19 желтоқсандағы № 384-Заңы шықты. Аталған Заңда азаматтық, қылмыстық, қылмыстық процестік кодекстеріне, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына өзгерістер енгізілген.
Кодекстер мен Заңдарға жыл сайын өзгерістер енгізіледі, өйткені жемқорлық бойынша қылмыстары бір орнында тұрмайды, әр түрлі амалдарын жасап заңнан аттап кету амалдарын жасайды. Бұл тұрғыда Заңдарда да өзгерістер енгізіліп, аталған дерттің алдын алуда Заң жүзінде тосқауылдар қойылуда.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымындарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға да бағытталған.
Бұл заң – билік басындағы лауазым иелерінің қызмет бабын жеке басының мақсаттарына пайдалануына, келеңсіз әрекеттеріне тосқауыл қою болып табылады.
Жалпы жемқорлық – қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзып, экономиканың дамуына шектеу қояды. Сыбайлыс жемқорлық – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың, оларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін, лауазымдық мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар болып табылады.
Мемлекетіміз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген мақсаттарды іске асыруға мүдделі және әр азамат осы бағытта әрқайсымыз қол ұшын беруге ұмтылып, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының көрсеткіштерін төмендетіп, елімізді дамыған демократиялық елдердің қатарына қосуға атсалысуымыз қажет!

Бабырхан АБУЕВ,
аудандық соттың төрағасы

Таңдаулы материалдар

Close