Basty bet

Жәбiрленушiлерге өтемақы қоры дегенiмiз не?

Қазақстан Республикасының Президентімен 2018 жылғы 10 қаңтарда «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының №131-VI Заңына қол қойылды.
Өтемақы төленетін жәбірленушілердің үш санаты және Заң жобасымен өтемақыны тағайындау және төлеу тәртібі айқындалған.
Қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жәбірленушіге өтемақыны алу құқықтарын түсіндіреді және одан өтініш қабылдайды. Сонымен бірге, өтемақы мөлшерін тағайындайды және алушылардың тізілімін жасайды, кейіннен оны қазынашылыққа жібереді.
Соңында өтемақы төлемі алушылардың банктік шоттарына аударылады.
Қылмыстық процестік кодекске өтемақы алуға жәбірленушілердің құқықтарын, сонымен қатар осы төлемдерді төлеу тәртібі мен оның мөлшерлерін белгілеуді регламенттелген.
Осы Заң қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілерге өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерді айқындайды.
Осы ретте, аудандық сот кеңсесінің жетекші маманы Айгүл Тобабергеновамен сұхбаттасқан едік.
– Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: Жәбірленуші құқықтары берілген адам – Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес жәбірленушінің заңды өкілдері мен өкілдері, құқықтық мирасқорлар, жәбірленушілерге өтемақы қоры – Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ақша түсімдерін есепке жатқызу және жәбірленушілерге өтемақы төлемін жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты. Сонымен бірге, өтемақы – Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес жәбірленуші деп танылған адамға осы Заңда белгіленген тәртіппен біржолғы ақша төлемі. Ал, Регрестік талаптар – прокуратура органдары осы Заңның 11-бабында аталған тұлғаларға қатысты қолданатын, жәбірленушілерге өтемақы ретінде төленген ақшаны қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.
Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару және Бюджет кодекстерінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Жәбірленушілерге өтемақы төлеудің негізгі қағидаттарына заңдылық, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау, қолжетімділік қағидаттарына негізделеді.
Қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, жәбірленушіге Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өтемақы алу құқығын түсіндіреді, өтемақы тағайындау туралы шешім қабылдау үшін қажет ақпаратты сұратады, негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өтемақы тағайындайды, – дейді А.Тобабергенова.
Жетекші маманның берген мәліметіне сүйенсек, өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілер зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасымен және азаптаулармен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер деп танылған адамдар, денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдар, жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленушінің құқықтары берілген адамдар жатады.
Егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жәбірленушілер деп танылған кезінен бастап өтемақы алуға құқығы бар.
Адам жәбірленуші деп танылғаннан кейін ол қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға өзіне өтемақы тағайындау туралы өтініш жасауға құқылы.
Кінәлі адамға қатысты айыптау үкімі қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша шығарылған жағдайда, одан неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық санатына сәйкес келетін мәжбүрлі төлем өндіріп алынады.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close