Basty bet

Жаңа, Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын басынан аяғына дейін тыңдап шықтым. Бүгінгі ел Президентінің Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Бұл өзінің Жолдауның басты бағдарларының бірі – «Жаңа экономикалық саясат».
Иә, халқымыздың бәрінің бірдей әл-ауқатының жақсы емес екендігі рас. Осы тұста, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру барысында мемлекет басшысы үш басым бағытқа тоқталды. Олар: жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту; екіншіден, бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру; үшіншіден, сондай-ақ ұлттық табысты әділ бөлу. Біз «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ретінде Президент Жолдауында көрсетілгендей, халықтың табысын арттыруда кәсіпкерлерге сүйемелдеу мен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын атқарып, жан-жақты көмектесуге дайынбыз.
Алайда, несие ресурстарының тапшылығы отандық бизнес үшін үлкен проблема болып отыр. Бұның бірден бір себептерінің бірі – Қаңтар оқиғасы. Ол елімізге біраз шығын әкеліп, мемлекеттің мекемелердің жөндеу жұмыстарына, құжаттарды қайта қалпына келтіру үшін мемлекеттен қаншама қаржы бөлінді. Сол себепті де, қазір АНК несиені тек санаулы адамдар ғана ала алады. Ал 2022-2025 жылдар аралығында іске асырылатын ұлттық жобада несие алу қағидалары әлі де бекітілмеген. Бұл кәсіпкерлер үшін тиімсіз. Президентіміз осы мәселені шешу үшін Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Үкімет мүшелерін бірлесіп, нақты секторды тұрақты әрі қолжетімді несиемен қамтамасыз ететін нақты шешімдер қабылдауы керек деген тапсырма берді.
«Нақты секторды дамыту» бағдары бойынша Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек, – деп айтылған болатын. Расында да, субсидия – ауқымды мәселе. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, басқа адамдардың ЭЦҚ кілттерімен заңсыз субсидия алатындар да кездеседі. Оны жергілікті Прокуратурамен қатаң түрде тексеру қажет. Бұл – мемлекеттің қазынасы. Ол мақсатты түрде дұрыс алынуы қажет. Сондықтан да, мен Президент шешімін қолдаймын.

Руслан АЙТБАЕВ,
“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жуалы ауданындағы филиалының директоры

Таңдаулы материалдар

Close