Basty bet

SMS арқылы рәсімдеуге болатын қызметтер саны артты

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы SMS – хабарлама арқылы 45 мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы хабарлайтын жаңа сервисті іске қосты. Енді қызмет алушылар қызметтің нәтижесін білу үшін ХҚО-ға екінші рет бармайтын болады.
Сервис әлеуметтік төлемдер, жер қатынастары, еңбек мигранттарына рұқсат құжаттарын беру, мектепке дейінгі ұйымдар және азаматтық хал актілерін рәсімдеу желілерін қамтиды.
Тізімге енген мемлекеттік қызметтердің арасында бала тууы және оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау, баланы мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою, асыраушысынан айырылған жағдайдағы жәрдемақы тағайындау, еңбек мигранттары рұқсатын рәсімдеу немесе ұзарту және спорттық атақтар беру сынды мемлекеттік қызметтер бар.
«Бұрын клиент осындай қызметтер бойынша ХҚО-ғакеліп, қызметті ресімдеу үшін өтінім беріп, дайын құжаттыалар кезде қолхат алатын. Содан кейін ол қажетті құжатты алу үшін қайтадан келуге мәжбүр болды. Біздің жаңа сервисіміз ХҚО-ға екіншірет бару қажетін жоққа шығарады. Бұл қалай десеңіздер, клиентке сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді, ол арқылы дайын құжатты жүктеуге және қажет болған жағдайда оны басып шығаруға болады. Бұл жүйе қызмет алушылардың уақытын едәуір үнемдейтіні сөзсіз», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Дыбыспаев.

 

Таңдаулы материалдар

Close