Basty bet
Бірлік – береке, ынтымақ – ырыс
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды – 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
«Бірлік – береке, ынтымақ – ырыс» деп білген халқымыз қай заманнан да татулықты ту етіп келеді. Осы тұтастық, берекелі тірлік біздің ел болып еңсе тіктеуіміздің ең негізгі шарты деп білемін. Сондықтан біз үшін бұл күннің маңызы ерекше.
Халқымыз ерте кезден-ақ ел бірлігін ерекше назарда ұстаған. Дала заңында әлсізге қамқорлық, араздасқанға ағайындық, жәбірленушіге әділдік көрсету бұлжымас өмір салтына айналды. Сол бабалар салған жолдан жаңылмаған біз бүгінде бір шаңырақ астында тату-тәтті тірлік кешіп келеміз. Өткен ғасырда тағдыр талайымен тар жол тайғақ кешіп, қазақ даласын паналап келген өзге ұлт өкілдерін өзекке теппей, өз бауырымыздай құшақ ашып, қол ұшын создық. Осы тұтастық бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның ең басты құндылығына айналды. Сондықтан татулықты сақтау бізге жүктелген бабалар аманаты десек, артық емес.
ХХ ғасырда мыңдаған халық еліміздің өзге аймақтары секілді Жуалы топырағына тағдырдың айдауымен табан тіреді. Алайда олар өзге жерде өздерін өгей сезінген жоқ. Жергілікті жұрт жатсынбай, жақын тартып, бауырына басты. Олар болашағын Тәуелсіз елімізбен байланыстырып, біртұтас Қазақстанның бір бөлшегіміз деп сезінеді.
Ардақты ағайын!
Бір қауыздың дәніндей бір шаңырақ астында көктеген еліміздің іргесі әрқашан берік болсын. Айтулы мерекемен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, әр шаңыраққа құт-береке, бақыт тілеймін. Тәуелсіз Отанымызда әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын. Елдігіміз еңселі, мемлекеттігіміз мәңгі, келешегіміз кемел болсын!
Сейітхан ЖҰМАШЕВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Ауданның Құрметті азаматы