Basty bet

2022 жылдың 12 айында атқарылған сот төрелігі

2022 жылдың 12 айында Жуалы аудандық сотымен жүйелі жұмыстар атқарылды.
Сот төрелігінің 2022 жылдың 12 айында атқарылған жұмысын атап өтсек, қаралған қылмыстық істер бойынша барлығы 74 қылмыстық іс 91 тұлғаға қатысты қаралған, солардың ішінде 62 іс 77 тұлға бойынша үкім шыққан, 7 іс 9 тұлғаға қатысты іс өндірісімен қысқартылған, оның ішінде билердің қатысуымен 5 іс медиациямен тоқтатылған, 1 іске ақтау үкімі шыққан.
Азаматтық істер бойынша барлығы қаралған 455 іс, 90 іске сот бұйрығы шыққан, 211 іске шешім шығарылған, 107 іс қысқартылған, билердің қатысуымен 101 азаматтық іс медиациялық тәртіппен 5 іс бітімгершілікпен тоқтатылған.
Әкімшілік істер бойынша барлығы 388 іс қаралған, оның ішінде, 364 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған, яғни 229 айыппұл, 79 қамақ, 5 арнайы құқығынан айыру, 36 ескерту, 15 мемлекет шегінен шығару, 23 іс өндірісімен тоқтатылған.
Әрбір өзгертілген, сот актілері жіберілген кемшіліктерді алдағы уақытта қайталамау мақсатында соттың жедел және өндірістік кеңестерінде талқыланып отырады.
Сот жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне аса көңіл бөлінеді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс -шаралары туралы, талап-арыздарды қайтару, қабылдаудан бас тарту, қараусыз қалдыру, азаматтық істерді сырттай тәртіппен қарау, істерді, ұсыныстарды қарау мерзімдерін сақтау мәселелері, сот мәжілістерін үш реттен көп кейінге қалдыру себептерімен қатар, судьярмен этиканы сақтау нормалары, қызметкерлермен еңбек тәртібін сақтау үнемі бақылауда тұр.
2022 жылдың 12 айында өткізілген іс-шаралар бойынша Жуалы аудандық сотымен 17 дөңгелек үстел, 46 семинар сабақтары, 2 пресс конференция, газетке 48 мақала жарияланды, Жамбыл облыстық сотының сайтына 21 мақала жарияланған. Судьялармен «Facebook» парақшаларға мақалалар үнемі жариялануда.
2022 жылдың 12 айында судьялардың іс-әрекетіне шағым айту кездеспеген және Жуалы аудандық сотының мемлекеттік қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты шағымдар мен арыздар түспеген.
“COVID-19” коронавирустық инфекциясының таратылуына қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, 2022 жылдың 12 айында барлық қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істер мен іс құжаттар офлайн режимде қаралған.
2022 жыл билердің тікелей қатысуымен тоқтатылған істердің жоғары көрсеткіші бойынша жемісті болды деп атап өткен маңызды.
Атап айтқанда, 2022 жылы сотта билердің қатысуымен 3 қылмыстық, 106 азаматтық, 1 әкімшілік іс тоқтатылған. Сотқа дейін татуластырумен 9 әкімшілік құқықбұзушылық іс шешілгені, 43 азаматтық дау, 3 қылмыстық іс шешілгені туралы хабарлайды.
Мемлекеттік тілді қолдау бойынша аудандық сотта ішкі құжаттар мен шығыс құжаттар 100 пайыз мемлекеттік тілде жүргізілуде.
Жалпы 2022 жыл жемісті жыл болды. Осы тұрғыда жетістіктерді төмен түсірмей, ағымдағы жылы да жоғары көрсеткіштерге жететінімізге сенемін!
Дулат Досыбайлы,
аудандық сот
кеңсесінің бас маманы-
сот отырысының хатшысы

Таңдаулы материалдар

Close