Basty bet
Басты мIндет – мемлекеттIң мүддесI
Бәрімізге белгілі болғандай, қаңтардың он тоғызы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрмен Парламент Мәжілісін тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізді.
Жиында Мемлекет басшысы елімізде жуырда референдумның өткені мен оның нәтижесі, елдің дамуы мен болашағы үшін атқарылып жатқан саяси өзгерістерді баяндады.
Президент қыркүйектегі Жолдауында саяси науқан жайлы атап өтіп, өткен жылдың қараша айында кезектен тыс Президент сайлауы өткізілген болатын. Одан соң Мәжіліс және мәслихаттардың сайлауы өтетінін хабарлаған болатын.
Күні кеше ғана Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар таратылып, ағымдағы жылдың 19 наурызында сайлау өтетіні белгілі болды. Осы ретте мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде ел Президентінің мемлекет мүддесі үшін жүзеге асырып отырған саясатын толық қолдаймын.
Бірлігі бекем, ынтымағы берік халқымыз алдағы уақытта Жаңа Қазақстанға қадам басып, жаңа депутаттарды сайлайтын болады. Жалпылама айтқанда, алдағы саяси науқан еліміздің жаңа Парламентін жасақтауға үлкен септігін тигізбек.
Кемелбек ДӘУРЕНОВ,
Б.Момышұлы ауылдық ардагерлер
кеңесінің төрағасы.
Ауданның Құрметті азаматы