Basty bet

Үй жағдайындағы өрт қауіпсіздігін сақтайық!

Өрт оқиғалары негізінен тұрғын үйлерде туындау қаупі жоғары. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда, тұрғындардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептеріде әртүрлі. Оның ішінде басты төрт себепті айтуға болады:
1. Отты абайсыз қолдану;
2. Пештің ақаулығы;
3. Электр желілері мен құралдарын пайдалануда, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау;
4. Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады;
Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пештің ақауы болса, онда баспанада өрттің орын алуы бірден-бір себепші. Үйдегі пешке аса үлкент жауапкершілікпен қарау керек.Балаларға пешті қарауға және жағуға тиым салынады. Айта кететін жағдай, өрт оқиғаларына басты себеп электр желісі болып табылады. Үйге жарық тартқан кезде, көбінесе, оның дұрыс орнатылуы ескеріле бермейді. Осындай жайттардың барлығы өрттің туындауына алып келеді. Электр желісі бұзылған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса, оны өзіңіз жөндеу өте қауіпті.
Күнделікті өмірде адам баласын қоршаған қауіп-қатер аз емес. Соның ішінде ең күрделісі – өрт. Өрт – аса қатыгез, ол ешкімді аямайды. Ең бастысы, өрттің туындауына жол бермеген жөн. Құрметті аудан тұрғындары, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды өтінеміз. Өрттен сақ болыңыздар!

Нұрболат Анарбек,
ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы
Азаматтық академиясының курсанты

Таңдаулы материалдар

Close