Basty bet
Діни сауаттылық – қоғамның тұрақты дамуының кепілі
Діни сауаттылық – дін жолында адаспау, орны толмас қателіктерге ұрынбас үшін білім алу, ізденіс қоғамға қажетті аса маңызды мәселе.
Қай қоғамды алып қарасақта білімнен ұзап, шарықтап кеткен ел жоқ. Қайсыбір қоғам шарықтап дамып жатса бәрі осы білім арқылы болып табылады. Жалпы қазіргі қоғамдағы сауаттылық мәселесі, оның ішінде жастардың діни сауатты болуы қүрделі және өзекті мәселе.
Ал, жастардың рухани санасын оятуда діннің рөлі өте зор. Сондықтан қазіргі уақытта діни білім алам деушілерге елімізде бірқатар жағдайлар жасалған. Тіпті Нұр-Мүбәрак ислам мәдениеті секілді жоғарғы оқу орны, бірнеше медресе, мешіттердің жанында сауат ашу курстары жұмыс істеуде. Одан бөлек, дінтану, исламтану мамандықтары да еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарында гранттық негізде оқытылады.
Бакалавр, магистратура, докторантура деңгейінде білім алуға барлық жағдайлар жасалған. Сондықтан жастарымыз дұрыс бағытта білім ала отырып, діни сауатты болса, қоғамның дамуына ықпал ететіні сөзсіз.
Айдос БЕГАЛИЕВ,
Қызыларық ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы