Basty bet

Діни ахуал басты назарда

ХХІ ғасыр жаңа ғасыр, жаңа заман, жаңа адам. Бүгінгі өзгерісі көп дәуірде ауқымды мәселелердің бірі болып саналатын – экстремизм мен терроризм әлем бойынша кең етек жаюда. Діни – саяси экстремизм саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін дінді қару етіп әрекет етуші, дінге мүлде қатысты емес іс-қимыл жасау. Қазіргі таңда, осы терроризм мен экстремизмнің көрінісі мемлекетіміздің ғана емес, бүкіл әлемдік өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жастарымыз дәстүрлі емес діни ағымдардың қырларын білмегендіктен сол ұйымдарға бет бұрып кетеді.
Жастар – біздің мемлекетіміздің болашағы. Ол бізден күнделікті қамқорлық пен тынымсыз ілтипатты қажет етеді. Жастарымыздың адамзаттық болмыстағы, әсіресе, дін саласы сияқты нәзік саладағы құнды бағдарларын білу өте маңызды. Себебі, адамның жеке тұлға ретінде көбінесе жас жылдарында қалыптаса бастайды. Осыған орай, діни тұрақтылықты сақтау мақсатында ауылдық округте біршама шаралар жасалуда. Округте діни-ақпараттық түсіндіру тобы құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы жоспарға сәйкес ай сайын жастармен, ауыл тұрғындарымен кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып отыр. Теріс ағымдардың ықпалын болдырмау үшін дұрыс ақпараттар беріліп, алдын алу шараларына көңіл бөлініп жатыр.
Мемлекетіміздегі діни ахуалдың тұрақталуы туралы негізгі бағаны беретін – халық. Осы уақытқа дейін округте жат ағымдардың, теріс үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу фактілері тіркелмеген. Енді біз ауыл халқының рухани байлығын сақтау және одан әрі арттыру үшін бәрін жасауымыз керек.

Затыбек Пашенов,
Шақпақ ауылдық
округінің әкімі

Таңдаулы материалдар

Close