Basty bet

“Ауылға кітап” акциясы

Мектепте кітапханашы Мая Қадырходжаеваның ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында «Ауылға кітап» акциясы өтті.
Акциясының мақсаты – өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем шығармаларды насихаттау, кітапханаға келуші оқырман санын ұлғайту. Акция аясында мектеп түлектері мен ұстаздардың демеушілігімен 150 мың теңгеге мектеп кітапханасына кітаптар сатып әперілді.
Кітап қана дәл мәнді білім береді. Себебі, ол адамды терең ойлауға жетелейді.Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттың жаңа құндылықтарын үйренеді.Кітап оқу мәдениеттің ең жоғары үлгісі болып табылады. Кітап оқудың адамға берер пайдасы мол. Сонымен қатар кітапты көп оқитын адамның сөздік қоры молайып, жалпы сауаттылық деңгейі артады және оның әдемі сөйлеу дағдысы қалыптасады.
«Ауылға кітап» акциясының ашылу салтанатына мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты.
Акцияда кітаптардың оқырманға жол тартуына орай лента қиылды. Лентаны мектеп директоры М.Бексейітова мен ардагер ұстаз А.Бейсенова қиды. Әрі қарай 1, 2, 4, 8, 9 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
Сөз кезегін алған мектеп директоры М.Бексейітова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Сейсенова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Абдуалиев,бастауыш сынып мұғалімі М.Нүкісбекова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Исакулова игі тілектерін білдіріп, кітап оқудың адамға берер пайдасы туралы айтты.

Әсел ОМАР,
№24 Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі

Таңдаулы материалдар

Close