Basty bet

Аппарат жұмысы заңға сәйкес атқарылуда

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқаратыны белгілі. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді. Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.
Мемлекеттік қызметшілерге мынадай талаптар қойылады: қарапайым болу жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау; мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру; заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау; азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау; іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу; лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау; жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын, сондай-ақ онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерінде, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбау; мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдаланбау; қызметтік міндеттерді адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыйымсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді қудаламау – ең негізгі міндеттер болып саналады.
Жетітөбе ауылдық округі әкімінің аппаратының қызметкерлері ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетеді. Округ әкімшілігіндегі атқарылатын жұмыстар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» нормаларына, Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес жүргізілуде. Аппаратта штат саны – 7 бірлікті құрайды. 1 – бірлік бүгінгі күнге вакансияда тұр. Округ әкімі қызметшілермен мемлекеттік мекемелердің жұмыс барысы мен туындайтын сұрақтар бойынша кеңестер өткізіп, қызметшілер арасында үнемі Әдеп жөніндегі уәкілімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша оқыту семинарлары, сонымен қатар қызметкерлерге жеке консультативті кеңестер мен көмек беру жұмыстары ұйымдастырылып отырылады.
Бүгінгі таңда әкімшілік қызметкерлерінің арасында Әдеп кодексіне қайшы келетін теріс қылықтармен тіркелген қызметкерлер, сонымен қатар азаматтардың немесе мемлекеттік қызметшілердің тарапынан құқықтарды қалпына келтіруге қатысты өтініштер болған жоқ.

Қайнарбек БЕДЕЛБЕКОВ,
Жетітөбе ауылдық округінің әкімі

Таңдаулы материалдар

Close