Basty bet

Кәсібінің түрі – Кілем жуу

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында кәсіпкерлік құрылымында сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын және орта бизнесті дамыту, экономика салаларын әртараптандырудың орта бизнес-драйверіне сүйену, бәсекелестікті кешенді дамыту-кәсіпкерлік субъектілері үшін жағдай жасалған.

Қарасаз ауылында кішігірім кәсіп түрлері жыл санап ілгерілеп келеді. Ол ілгерілеу тұрғындардың, ауыл халқының игілігіне арналады. Ауыл-аймаққа мейлінше көбірек көңіл бөлініп кәсіп ашуға, шағын және орта бизнесті қолға алушылар қатарының көбеюіне ауылдық округ әкімінің де еңбегі, ықпалы зор. Кәсіп ашуға ниетті азаматтарды оқытуға жіберу, өз идеяларымен бөлісу арқылы кәсіпкерлік өркен жаюда. Ісімді дөңгелетсем деген азаматтарға мемлекеттен түрлі жеңілдік түрлері жасалған. Осындай ауылға қажетті кәсіптің түрі кілем жуу. Бұл кәсіпкерлікті Сырым Байжанов қолға алуда. Ол Қоңыртөбе ауылының азаматы. Тұрғындардың кілемдерін бір шаршы метрін 300 теңгеден жуып береді. Ол ауыл халқының қалтасы көтере алатын соммада болуын қадағалайды. Ол осы уақыт аралығында мәдениет саласында еңбек еткен жан. Десе де ауылдағы көпбалалы отбасы болғандықтан қосымша кәсіп түрімен айналысуды жоспарлаған. Ауыл ақсақалдарымен және округ әкімі Жанар Нұрмұратқызымен ақылдаса келе, бірауыздан ауылда жоқ кәсіп түрімен айналысқан жөн деген тұжырымға келіп, ауылдағы азаматшаларды жаз айларында ауыл тұрғындары үйдегі әртүрлі өлшемдегі кілемдерін қалаға, орталыққа арқаламай-ақ, Қарасаз ауылы Бейбітшілік көшесінде орналасқан кілем жуу орталығына әкеліп тазалықтан өткізуге мүмкіндігінің жасалуы көпшілікті қуантты.
Жеке кәсіпкер Сырым Оразғалиұлы кілем жуу аппараттарын Алматы қаласынан алдыртқан болатын. Олар ескі үйді сатып алып, сол жерді кілем жуу орталығына айналдырған. Бас-аяғы бұл шағын бизнеске 11 млн теңге жұмсалды. Минутына 2 700 вольттық аппарат жоғарғы қысымды ұстай отырып, кілемді жуады, кірден тазалап берсе, роторка деп аталатын құрылғы жуылған кілемді, кептіріп береді. Кептіру, жуу, тазалау, сулау аппараттары тоқтаусыз істеп тұрады. Күніне шамамен 10-15 кілем жуылады. Түрлі өлшемдегі кілемдерді сапалы, таза әрі кептіріп, тіпті тегін үйге жеткізу де қамтамасыз етілген. Бір тұрғыннан көп мөлшерде кілем жуу тапсырысы келген жағдайда жеңілдіктер де қарастырылған. Ауылдың үш азаматын жұмыспен қамтып отыр. Қажет жағдайда тұрғындардың көлігін жууға да мүмкіндік жасалған.
Болашақта бұл жердің көлемін ұлғайтып, жанынан тұрғындарға және жолаушыларға арналған демалыс орталығын да ашу жоспарында бар. Балаларға арналған ойын ойын орталығын, асхана ісін қолға алуда. Ол болашақтың еншісінде жүзеге асырылатын дүниені кәсіпкер күнделікті жұмысын әлі де дамыту үстінде.
-Мен бала кезде тұрмыстық қиыншылықты көп көрген азаматпын. Көзімді ашқаннан анам үнемі еңбек үстінде болды. Мүмкіншілігі болмағандықтан шағын кәсіп түрімен айналысқан болатын. Сол кезде өзіме уәде еткен болатынмын. Мен мәдениет саласында жылдар бойы еңбек етіп келдім, алайда жеке кәсібін қолға алуда ауылдың мәденит саласынан еш алыстаған жоқпын деп есептейді. Себебі, демалу мәдениетін дамыту ол да өнер. Адамдар түрлі жағдайда демалады. Бірі тазалықтан, бірі тамаша демалыс орындарынан өзінің тұратын ауылды дамыту да мәдениеттіліктің белгісі деп білем.
Кәсіпкерлер ең бастысы өз мүддесінен қарапайым халықтың мұң-мұқтажына, қажеттілігіне жұмыс істегендері дұрыс деп санаймыз. Осы саладағы еңбегіме үнемі қолдау танытып, ақ батасын беріп отырған анама, өмірлік жолдасыма, маған жаңа мотивация беруші ұрпағыма алғыс білдіремін,- дейді кәсіпкер.
Болашақта кәсібін дөңгелетіп, көптің алғысына бөленген азаматтардың қатарынан болуды көздеген болатынмын. Ерлі-зайыптылар Зәбира мен Сырым осылайша, армандарына ақырындап жетіп келеді. Осындай жоқтан бар жасап, ауыл халықына қажетті дүниелермен қамтамасыз етіп жүрген жанашыр кәсіпкерлер қатары арт берсін, демекпіз!

Эльмира СҮЙІНБАЕВА,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close