Basty bet
Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі
Жыл басынан Жуалы ауданында 7 автокөлікте өрт оқиғасы тіркелді.
Осыған орай, автокөлік иелері есте сақтауы тиіс:
– әрбір көлік құралы көлемі 2 литрден кем емес жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс. Бұл жағдайда өрт сөндіргіштің құрылғысын білу керек және оны қолдана білу керек.
– автокөлік тораптары мен механизмдерін жарамды күйде ұстау;
– аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында зарядтауға жол бермеу.
Егер сіздің автокөлігіңіз қозғалыс кезінде жанса, өрт кезінде автомобильде келесі тәртіп ережелерін сақтаңыз:
– Көлікті тоқтатыңыз;
– Қозғалтқышты өшіріңіз;
– Капоттың құлпын босатыңыз, бірақ қолыңызда алғашқы өрт сөндіру құралдары болғанға дейін капотты ашпаңыз;
– Барлық жолаушыларды шығарыңыз;
– Өртке қарсы қызметке «101»телефон нөмірі бойынша немесе «112» құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз;
– Егер қауіпті болмаса, машинада бар өрт сөндіргішті пайдалануға тырысыңыз;
Құрметті автокөлік иелері, өртті сөндіргеннен гөрі алдын алу оңай екенін ұмытпаңыз!
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі