Basty bet
Ақпараттық жүйенің жұмысы жүйеленуі қажет
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі анықталған санаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде өзектендіру мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті.
Жиын жұмысына Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қалия Сметова, басқарманың ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Шарипа Жорғатаева және облыстық білім басқармасынан Абдолла Амангелдіұлы қатысты. Сондай-ақ басқосуға аудан әкімінің «Жуалы ауданы әкімдігінің жанынан отбасының цифрлық картасын құру туралы» №227 қаулысымен құрылған жұмысшы топтың мүшелері, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық орталық аурухананың маманы, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің және аудандық жастар ресурстық орталығының басшылары шақырылды.
Кеңес отырысын аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова ашып, жиынның қатысушыларын күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Отырыста негізінен «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі анықталған санаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде өзектендіру бойынша ауданда атқарылған жұмыстар туралы сөз қозғалды.
Сонымен қатар облыстан келген басқарма мамандары «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасайтын бөлімдердің мамандарын «Мансап» орталығында өткізілетін жүйеде өзектендіру бойынша тәжірибелік оқуға қатысып, жүйелі жұмыстардың атқарылуын баса атап өтті.
Нұрғалым МЫРЗАХМЕТҰЛЫ,
«Жаңа өмір»