Basty bet

бірлік болмай, тірлік болмас!

Қасиетті Отанымыздың бақытты болашағы – тек бірлікте. Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір. Көпұлтты ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Қазақстан – бұл ортақ жер, біртұтас халық және ортақ келешек. Біз тыныштық арқылы – тұрақтылыққа, татулық арқылы – тұтастыққа қол жеткіздік. Қазақтың ертеңін, өзінің және ұрпағының ертеңін ойлаған адам алдымен осы елдегі тыныштықты ойлауы керек. Біздің ең басты байлығымыз – берекелі бірлігіміз. Қазақ халқының ынтымағы мен бірлігі болмайынша, мемлекетіміздің тұтастық келбетін сақтап қалу да мүмкін емес.
Бірлік – біздің қасиетті туымыз! Тек бірлесіп, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіргенде ғана біз алға баса аламыз. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы – басты назарда. Билікөл ауылдық округі қасиетті өңірдегі бірлігі мен ынтымағы жарасып, сүттей ұйып отырған құтты да берекелі мекеннің бірі. Округтің тұрғындары ынтымақ пен бірліктің және адал еңбектің салтын алға бастыру арқылы тіршілік көшін түзеп келеді.
Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттайтын ең басты байлығымыз – елдің бірлігі мен оның бейбітшілігі болуы керек.

Еркебұлан ҚАМБАРБЕКОВ,
Билікөл ауылдық
округінің әкімі

Таңдаулы материалдар

Close