Basty bet
Екі ауылдық округтің әкімдігіне кандидат ұсынылды
«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының кезектен тыс XLII конференциясы өтті. Конференцияны «AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының төрағасы Марат Нарымбеков жүргізіп отырды.
Күн тәртібіне екі мәселе ұсынылды.
Бірінші мәселе Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіндегі сұхбатынан туындайтын міндеттер туралы.
Екінші мәселе Қызыларық және Күреңбел ауылдық округтерінің әкімдеріне «AMANAT» партиясынан кандидат ұсыну туралы.
Саяси партиялар туралы қолданыстағы заңнаманың және «AMANAT» партиясы Жарғысының талаптарына сәйкес конференцияға партияның 4 597 мүшесін біріктіретін 19 бастауыш партия ұйымдарының өкілдері сайланды. Конференция делегаттары болып 19 бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және олардың мүшелері аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі және аудандық мәслихат депутаттары сайланды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселеге сәйкес, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Жуалы ауданының Қызыларық және Күреңбел ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттар ұсынылды.
«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі Жарғысының 9.8-тармағына сәйкес, партия Жуалы аудандық филиалы Саяси кеңесінің Бюросы Жуалы ауданының Қызыларық және Күреңбел ауылдық округі әкімдерінің сайлауына өзінің кандидатурасын ұсынуы бойынша партия мүшелерінен түскен өтініштерді қарап, «AMANAT» партиясының аудандық филиалы кандидатураны конференцияның қарауына енгізді.
Лаура Мұсабекова,
«Жаңа өмір»