Basty bet

Ұлттық жобаның игілігін биыл төрт мыңнан аса жуалылық көре алады

Мемлекет басшысының “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты халыққа арнаған Жолдауында айтылған мәселелердің негізгісі халықтың тұрмыс жағдайын, ауылдың әлеуетін көтеруге бағытталған. Елімізде осы мақсатта бірнеше бағдарламалар мен жобалар аясында жұмыстар жүруде.
Аудандық “Мансап” орталығы арқылы жүзеге асып жатқан “2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба” бойынша да ауданда мақсатты жұмыстар атқарылуда. Жоба аясындағы өткен жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы жоспар бойынша аудандық “Мансап” орталығының директоры Құрмашев Нұрбол Кәрібайұлымен сұхбаттасқан едік.
-Нұрбол Кәрібайұлы, орталықтың негізгі жұмысы “2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба” аясында. Сондықтан 2023 жылы аталған жобаның ауданда жүзеге асу барысы туралы айтып өтсеңіз.
-«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде ауданда 2023 жылғы жоспар бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жалпы 4333 адамды тарту көзделген. Жыл соңына дейін барлығы 4461 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды (орындалуы- 102,9%).
Жалпы 12 айда жұмыспен қамтылғандар – 3380 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары – 2262, уақытша жұмыс орындары – 1118.
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 110 адамды орналастыру жоспарланып, 110 жұмыссыз азамат жұмысқа жолданды. Уақытша жұмыс мерзімдері аяқталған 28 жұмыскердің – 25-і тұрақты жұмыспен қамтылды.
“Жастар тәжірибесі” бағдарламасына 230 жас мамандарды жұмысқа орналастыру жоспарланып, нәтижесінде 232 жас маман жұмысқа орналастырылды. Уақытша жұмыс мерзімдері аяқталған 81 жастың ішінде 52 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 639 адам тартылуы жоспарланып, 649 жұмыссыз азаматтар орналастырылды. Уақытша жұмыс мерзімдері аяқталған 649 жұмыскердің ішінде 409 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
“Алғашқы жұмыс орны” жобасын іске асыру бойынша 50 адамды орналастыру жоспарланып, 51 адам жұмысқа жолданды. Мерзімі аяқталған 11 жас маман тұрақты жұмысқа жолданды.
«Ұрпақтар келісімшарты” жобасына – 2 жас маманды тарту көзделген, 2 жас азамат жұмыспен қамтылды. Мерзімін аяқтаған екі жас маман тұрақты жұмысқа жолданды.
«Күміс жас» жобасына 69 адамды тарту көзделген, 74 адам жұмысқа жолдама алды. Мерзімі аяқталған 12 азаматтың 10-ы тұрақты жұмысқа жолданды.
Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша мерзімі аяқталған жұмысшыларды тұрақты жұмысқа орналастыру индикаторлық көрсеткіші 60% белгіленіп, уақытша жұмыстарын аяқтаған 822 жұмыскердің 544 адамы тұрақты жұмыспен қамтылды.
Ауданда жыл басында статистикалық мәліметтерге сәйкес экономикалық белсенді халық саны – 27 006 адамды құрады. Есепті мерзімде ресми тіркелген жұмыссыздар саны- 807 адам, жұмыссыздық деңгейі –3,0% құрады.
Кәсіпкерлік бастамашылыққа қайтарымсыз мемлекеттік гранттар әлеуметтік осал топтар қатарындағы 73 азаматқа берілуі көзделген, 66 қатысушыға жалпы сомасы 91 млн 80 мың теңге қаражат берілді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 100740,0 мың теңге қаражат бөлінді. (2023 жылы 73 азаматқа мемлекеттік қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес 73 азамат грант ұтып алды, алайда 7 азамат ережеге сәйкес жолданған хабарлама бойынша «Enbek.Bussines» порталы арқылы жеке кабинетінен, жеке кәсіпкерлігінің есеп шоттарын, жеке электрондық қол таңбасымен бес жұмыс күн ішінде растап жолдамағаны себебінен ереже бойынша автоматты түрде мемлекеттік гранттан бас тартылған. Сол себепті 66 азамат грантқа ие болды).
Кәсіпкерлікті дамытуға шағын несиелер (жеңілдік пайызбен-2,5%) 26 жас азаматқа берілуі жоспарланған, бүгінгі таңда «Агронесиекорпорациясы» АҚ-на зерделенуге және мақұлдануға жастардың жалпы 50 бизнес-жобалары мен құжаттары ұсынылып, 29 жас азаматқа жалпы 132,4 млн теңге көлемінде несие берілді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 75 адам жолдануы жоспарланды, бұл бағытқа облыстық бюджеттен 18323,0 мың теңге қаражат қарастырылған. Жұмыс берушілер тарапынан 75 адамға сұраныс өтінімдер тіркеліп, қатысушылар оқуға жолданды.
Жұмыссыздарды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында оқытуға – 30 адамды тарту көзделген. Оқуға жалпы 30 адам жолданды.
Жалпы кәсіптік оқумен 116 адам қамтылды (орындалуы-116,0%)
Жылдың қорытындысымен кәсіптік оқуын аяқтаған түлектердің ішінде 80% тұрақты жұмыспен қамту индикаторы белгіленіп, оқуын аяқтаған 109 түлектің тұрақты жұмысқа 98-і жолданып, орындалу көрсеткіші – 89,9% құрады.
Ауданда 2023 жылы Ұлттық жобалар шеңберінде Жұмыс орындарын құру өңірлік картасы бойынша жұмыс орындарын құру жоспарына сәйкес 45 инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуға жоспарланған. Оларда жалпы 189 жаңа жұмыс орындары ашылуы болжамданды. Бүгінгі таңда 41 жобамен жұмыс орындары ашылып, оларда барлығы 200 жұмыс орыны ашылды. Оның ішінде 119 уақытша жұмыс орыны ашылып, 84 тұрақты жұмыс орны құрылды.
Есепті мерзімде «Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы шеңберінде жұмыс күші тапшы өңірлерге өз еркімен қоныс аудару бойынша тиісті ұйымдастырушылық шаралар қабылданып, жалпы құрамында 29 адамы бар сегіз отбасы Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарына қоныс аударды.
Жалпы Ұлттық жоба аясында мемлекеттік қолдау шараларының артықшылықтарын тұрғындарға түсіндіру мақсатында құрылған мобильдік топ елді мекендерді аралап жұмыс жасауда.
-“Бастау Бизнес” жобасымен мемлекеттік қайтарымсыз грантқа қол жеткізген жандар қаржыны мақсатты жұмсауда ма? Бұл мәселе бойынша грант иегерлерінің жұмысы тексеріледі ме? Себебі, үкіметке керегі бизнес бастамаларға қолдау көрсету арқылы халықтың өмір сүру сапасының жақсаруы.
-Аудандық “Мансап” орталығы мемлекеттік қайтарымсыз грант алған азаматтарды тұрақты түрде грант қаражаттарының игерілуі бойынша «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы мониторинг жүргізіп отырады. Бүгінгі таңда екі азамат қайтарымсыз грант қаражатын игерілмеу себебінен өз еркімен қайтаруда.
-2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның тармақтары бойынша 2024 жылға арналған жоспарларыңызбен бөліссеңіз. Үстіміздегі жылға қандай жаңалықтар бар?
-Үстіміздегі жылы Ұлттық жобаның іске асырылуы бойынша жоспар жасалды. Алдағы уақытта жоспарға өзгерістер енгізілуі де мүмкін. Дегенмен, тұрақты жұмыспен қамтуға 1800 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 760 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 80 адамды орналастыру жоспарланып, қаңтар айында тұрақты жұмыс орындарына 142 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 235 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына үш адам жолданды.
Ал, жастарға қатысты “Жастар тәжірибесі” бағдарламасымен 200 жас, “Алғашқы жұмыс орны” бойынша 112 жасты жұмысқа орналастыру жоспарланған. Қаңтар айында “Жастар тәжірибесі” бағдарламасымен алты жас, “Алғашқы жұмыс орны” бойынша екі жас жұмысқа жолданды.
Зейнет жасына жақындаған жандарға арналған “Күміс жас” жобасы бойынша 150 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, қаңтар айында 18 адам жолданды.
“Ұрпақтар келісімшарты” бойынша екі адамды, Ұлттық жобаның жаңа бағыты “Мүгедектердің жұмыс орындарын субсидиялау” (бұл биылғы жылға жаңа бағыт) бойынша бір адамды жолдау жоспарланған.
Сонымен бірге “Бастау Бизнес” жобасымен 560 адамды оқыту, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 80 адамды, жұмыссыздарды жұмыс орындарында оқыту бойынша 20, онлайн оқытуға 169 адамды жолдау жосарланған. Қаңтар айында 16 кісі “Бизнес Бастау” бойынша, 93 адам онлайн оқытуға жолданды.
Ал, қайтарымсыз грант беру бағыты бойынша 70 кісіні қамту жоспарлануда.
Қысқасы, Ұлттық жобаның игілігін төрт мыңнан аса тұрғын көретін болады.
-Биылғы жылы берілетін қайтарымсыз гранттың қаражат көлемі қанша?
-2024 жылы мелекеттік қайтарымсыз грант, яғни өз ісін ашуға 400 айлық есептік көрсеткіш (3692 тг.) көлемінде 1 476 800 теңге беріледі.
-Әңгімеңізге рақмет! Жұмыстарыңыза сәттілік тілейміз! Ұлттық жобаның қарапайым халыққа тигізер шарапаты көп болсын!

Сұхбаттасқан
Перизат Шымыртайқызы,
“Жаңа өмір”

Таңдаулы материалдар

Close