Sport

Электр қондырғыларын пайдалану шарттары

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-сі (әрі қарай – Департамент) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы Қағидаларын (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 222 бұйрығымен бекітілген), тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану Қағидаларын (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген), электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы Қағидаларын (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығымен бекітілген), электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 247 бұйрығымен бекітілген) және электр қондырғыларын орнату қағидаларын (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген) қондырғылардың және адамдардың (балалардың) қауіпсіздігі мен қорғау, сонымен қатар қолданыстағы электр қондырғыларына адамдардың (балалардың) кіруіне рұқсат етпеу мақсатында өз балансында электр қондырғылары бар ұйымдар мен тұлғалардың сақтау қажеттілігі туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 222 бұйрығымен бекітілген тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларының 26-тармағына сәйкес, электр қондырғылары, камералар, қалқандар мен жинақ үй-жайларының есіктері құлыппен жабылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану Қағидаларының 121-тармағы бойынша, трансформатор пункттері мен камералары есіктерінің сыртқы және ішкі беттерінде трансформаторлардың шағын станциялық нөмірлерін, сондай-ақ сыртқы жағында ескертуші белгілерді көрсету керек. Есік жабық тұруы қажет.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығымен бекітілген, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы Қағидаларының 26-тармағы бойынша, электр қондырғылары, камералар, қалқандар мен жинақ үй-жайларының есіктері құлыппен жабылады.Діңгекті трансформаторлық шағын станцияларда, ауыстырып-қосу пункттерінде және қоршаулары, бөлгіш жетектері жоқ басқа да қондырғыларда, сондай-ақ қызмет көрсету алаңындағы стационарлық сатылар құлыппен жабылады. Стационарлық сатылар ажыратқыштармен бұғатталады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 247 бұйрығымен бекітілген электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидаларының 577 тармағы, 754 тармағы және 747 тармағы бойынша, құрылыстардың күтімін және персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылар (баспалдақтар, көпіршелер, қоршаулар және басқалары) жарамды күйде болуы қажет. Қоршалмайтын бағаналы трансформаторлы қосалқы станцияларда, ауыстыратын-қосқыш пункттер мен басқа да құрылғыларда ажыратқыш сымдар мен төмен кернеулі қалқан шкафтары кілтпен құлыпталуы тиіс.Қызмет көрсету алаңдарының стационарлық баспалдақтары ажыратқыштармен бұғатталады және кілтпен құлыпталады. ЖТҚ үй-жайына, ЖТҚ камераларына жануарлар мен құстардың кіріп кетпеу шаралары қолданылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген электр қондырғыларын орнату Қағидаларының 905 тармағы бойынша ток өткізуші бөліктердің және электр қондырғыларының торлы және аралас қоршауларының биіктігі АТҚ үшін жоспарлау деңгейінен және ашық орнатылған трансформаторлардан 2 немесе 1,6 м (осы Қағидалардағы 935 және 936-тармақтарының талаптарына сай), ал ЖТҚ үшін және ғимарат ішінде орнатылған трансформаторлар үшін еденнен 1,9 м болуы тиіс; тор саңылауының өлшемі 10х10 мм кем емес және 2,5х25 мм аспауға және де оларды құлыптап қою құралдары болуы тиіс. Бұл қоршаулардың төменгі жиегі ашық таратушы құрылғыларда АТҚ 0,1-0,2 м биіктікте, жабық таратушы құрылғыларда ЖТҚ – еден деңгейінде орналасуы тиіс.
Сыртқы қоршаулар осы қағидалардағы 918-тармағында келтірілген талаптарға сай орындалуы тиіс. Тосқауыл ажыратқыш, трансформаторлар және ток өткізуші бөліктерінде кернеу бар болатын жағдайда, камераларды қарап шығуға арналған басқа да аппараттардың камераларына кіреберісінде орнатуға болады.
Тосқауылдар 1,2 м биіктікте орнатылып, алмалы-салмалы болуы тиіс. Камера едені жер деңгейінен 0,3 м-ден асса, есік пен тосқауыл арасына 0,5 м кем емес арақашықтық қондырылуы тиіс немесе есік алдына қарап шығуға арналған арнайы орын қалдырылуы тиіс.
Электр қондырғыларын орнату қағидаларының 918-тармағы бойынша, АТҚ мен қосалқы станциялар аумағының биіктігі 1,8-2,0 м болатын сыртқы қоршаумен қоршалуы тиіс. Биіктігі 2 м-ден астам сыртқы қоршаулар биік қар көшкіндері бар жерлерде, сондай-ақ және аумағына арнайы рұқсат қағазымен кіретін қосалқы станцияларда қолданылады.
АТҚ аумағында орналасқан қосалқы ғимараттар (шеберханалар, қоймалар, ЖБП т.с.с.) биіктігі 1,6 м ішкі қоршаумен қоршалады.Электр станциялары ауласында орналасатын АТҚ (қосалқы станциялар) орналастырғанда бұл АТҚ (қосалқы станциялар) 1,6 м ішкі қоршаумен қоршалуы тиіс.
Қоршаулар біркелкі жабық, торлы немесе шарбақты болуы тиіс.
Қоршаулар: 1) күзетілетін өндіріс кәсіпорнының аумағында орналасатын жабық қосалқы станциялар үшін; 2) қала және ауыл аумағында орналасатын жабық қосалқы станциялар үшін; 3) бағаналық қосалқы станциялар үшін көзделген.
Жоғарыда көрсетілген қағидалар бұзылған жағдайда және қолданыстағы электр қондырғыларына рұқсатсыз кірген жағдайда, ұйымның қызметшілері мен бөгде адамдардың (балалардың) өміріне және денсаулығына қатер төнуі мүмкін.

Ерікбай Нармұратов,
«Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау комитетінің
Жамбыл облысы
бойынша аумақтық
департаментінің» басшысы

Таңдаулы материалдар

Close