El іshі
Қазақ діни дүниетанымындағы тәңіршілдік
Барлық халық рухани даму барысында діни көзқарастар сенімін бастан өткізді. Сондай діни көзқарас сенімдерінің бірі – тәңіршілдік. Тәңіршілдік негізінен жай ғана наным- сенім деуге келетін ұғым. Негізінен тәңіршілдік түркі халықтарының ислам дініне дейінгі болған наным-сенімі. Ата-бабамыз көшпелі халық болғандықтан, адам өмірі мен тағдыры тек Тәңірге тәуелді деп санаған. Көшпелі халық Ислам діні таралмағанға дейінгі кезде Тәңірге, Көк тәңірге жалбарынған.
Ислам дінінің келуімен қазақ халқының Тәңір туралы наным-сенімі мұсылмандық түсінікпен алмасқан болатын. Мысалы, Тәңір сөзі ұлы Алланы білдіретін ұғымға айналды. Қазіргі күнде де қазақ халқы Алла мен Тәңір ұғымдарын қатар қолданады.
Тәңіршілдікті насихаттап оны қайта жаңғырту керек деп елдің арасына іріткі салып қиянатқа барып жатқандар бар. Бұлар Ислам діні жайында қисынсыз мәліметтер тарату арқылы өз қарсылықтарын көрсетіп, жұрттың назарын аудартып жатқан адамдар. Алайда, тәңіршілдік ұлттық дін деп көптеген азаматтар адасып өзге жолға түсіп имансыздыққа барып жатыр. Былай алып қарағанда, тәңірлік сенімдер мен әдеп-ғұрыптар, шамандық ырымдар араласып, соның нәтижесінде құрап алынған тәңіршілдіктердің өздерінің сенімі. Бұл түптің түбіне келгенде, халық құндылықтарының жоғалып, мемлекеттің жойылуына әкеліп соқтырады.
«Тәңір» мен «Көк тәңір» «Тәңірлік дүниетаным» бұл ұғымдарға негізінен алғанда, мәдени құндылық ретінде қарап, құрметтеуіміз керек. Бірақ, өз дініміз бен тәңіршілдікті ажырата алуымыз маңызды. Ислам діні – қазақ халқының негізгі қайнар көзі.
Марат ҚАСЫМБЕКОВ,
Қызыларық ауылдық округінің әкімі