El іshі

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Кеше Боралдай ауылдық округінде шартты дала өрттерін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Аталған практикалық оқу-жаттығуға орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі, Боралдай, Күреңбел және Жетітөбе ауылдық округтерінде құрылған ерікті өрт сөндіруші топтары, Көлтоған ауылындағы №14 өрт сөндіру бекеті және №7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы қатысты.
Оқу-жаттығуда шартты орман дала өрттерін сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдардың өзара іс-әрекеттері пысықталды. Оқу жаттығуда Күреңбел ауылдық округінен 11 адам және бір трактор соқасымен, бір ГАЗ-53 автокөлігі, Жетітөбе ауылдық округінен 10 адам, бір трактор соқасымен, бір ГАЗ-53 және бір Нива автокөлігі, Боралдай ауылдық округінен 15 адам, екі трактор соқасымен, бір Нива автокөлігі және бір ГАЗ-53 автокөлігі, аудандық орталық ауруханадан бір жедел жәрдем көлігі екі адам, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінен 30 адам, екі трактор соқасымен, екі УАЗ автокөлігі, бір АЦ-0,9 (УАЗ), аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінен бір УАЗ автокөлігі, бес адам және Көлтоған ауылындағы №14 өрт сөндіру бекеті бір техника АЦ-5-40 және 8 адам қамтылды.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы және Жамбыл облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Мансұр Шайкрамов және Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар аумақтық инспекциясының бас маманы Нұрсұлтан Бақытғалиұлы ұйымдастырушы-бақылаушы ретінде қатысып, өздерінің оң нәтижесін берді.
Оқу-жаттығуда №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Кеңесбек Абдраимов жазғы мезгілдерде дала өрті орын алған жағдайда және дала өртін сөндіру кезінде қауіпсіздік ережелері мен техника қауіпсіздігін сақтау туралы нұсқау жүргізді.

Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close