Basty bet
Абайлаңыз! Құрғақ шөп тез тұтанады.
Жазда шөп күн сәулесінде тез қурайды және кез келген ұшқыннан оңай тұтанады. Көбінесе шабылған шөп кесінділері уақытында алынып тасталмайды, ал ыстық күн астында шөп бірден кебеді және жанғыш сабан мен қылшық ағашқа айналады, бұл да өрт тудыруы мүмкін. Шөп әсіресе желді күндері оңай ұшады. Жалындай жанған өртті тоқтату қиындық туғызуы мүмкін. Көбінесе шөп өртінен үйлер немесе тіпті бүкіл елді мекендер өртеніп кетеді.
Көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңде жер учаскелерінің аумақтарын күтіп-ұстау, ашық отты пайдалану және от жағу бөлігінде өртке қарсы режим ережелерінің талаптарын қатаң сақтау қажет. Көптеген жағдайларда шөптен туындаған өрттер дала және орманда апатты өрттерді тудырады. Орман өрт қаупі жоғары табиғи ландшафттарға жатады.
Сонымен қатар, азаматтардың абайсыз әрекеттері үшін қолданыстағы заңнамада әкімшілік, ал аса ауыр зардаптар туындаған кезде қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Құрметті азаматтар! Егер сіздер өрттің басталуын байқасаңыздар, мысалы, аз ғана шөп тұтана бастаса, оны қоласты құралдармен өзіңіз сөндіруге тырысыңыз. Кейде кішкене ошақты сөндіру жеткілікті (бірақ сіз шөптің одан әрі жанбайтындығына көз жеткізіңіз, әйтпесе от қайтадан тұтануы мүмкін). Құрғақ шөптің жануының алдын алу және сөндіру бойынша Сіздің көмегіңіз өте құнды, кейде қажет болуы мүмкін. Егер өрт айтарлықта күшті болса және сіз оны өз күшіңізбен сөндіре алмасаңыз, ТЖ қызметіне мүмкіндігінше тезірек хабарлауға тырысыңыз.
Естеріңізге сала кетейік, өрт кезінде «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалу керек. Анықталған өрт ошағы және оның орналасқан жері туралы хабарлау қажет.
Жуалы ауданы ТЖБ және №7 ӨСБ