Basty bet

Әдептілік – мәдениеттіліктің белгісі

«Әдеп» – қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы, жүріс-тұрысы және өзін ұстай білуі оның мәдениетті, әдепті екендігін байқатып отырады. Адамның бойынан әдептілік қасиет көрініп тұрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді.
Әдептілік адам бойында бірден бола қалмайды. Ол бірнеше жылдардың, қоршаған ортаның және үйдегі жақсы тәрбиенің жемісі. Негізі әдептілік сәлемнен басталады. Сәлемдесу – ізеттіліктің белгісі. Ал ізеттіліктен туатын қағида – әдепктілік. Ол адамдардың бір-біріне мейірімді екендігін білдіреді.
Әбу Насыр әл-Фарабидың: «Әдептілік – әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы, қазынасы» деген сөзі бар. Жақсы әдет, жақсылық жасау бұл қай жерде болсын – өнеге, өсиет. Осыған байланысты, мемлекеттік қызметте қызмет етіп жүрген азаматтар да өзіне «Мен қандай болуым керек?» деген сұрақты жиі қойып отыруы тиіс. Мемлекеттік қызметші адал, мейірімді, кеңпейіл, еңбекқор, сөзінде тұратын, иманды және нағызадамшыл қасиетке ие жан болуы тиіс. Сондықтан да біз бойымызға жақсы қасиеттерді жинап, жаман әдетті жоюымыз керек.
Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, қорғаны – сабыр, жолдасы – кәсіп, қорғайтын қорғаушысы – мінез болса, бәрін тәртіпке реттейтін – әдептілік. Біз әрқашанда бір-бірімізге жылы сөз айтып, өзіміз де сондай жақсы сөздер естіп жүруге еш кедергі жоқ? Адам әрдайым бет сұлулығымен ғана емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен және мәдениетілігімен әдемі.
Жұрт алдында әдептілікті сақтау – мәдениетті болудың басты белгісі. Мәдениетті адам ешқашан дөрекі мінез танытпайды, жат қылық жасамайды.
Міне жоғарыда аталған әдептілікті ұстану – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесіндегі мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар, олардың әдептілігі маңызды, себебі, әдептілік мемлекеттік қызметтің басты ұстанымдарының бірі.

Айгүл Ахметова,
Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратының
іс жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close