Basty bet

«Сиқырлы сандық ертегіліері»

Талапты ауылдық клубының мамандары мен Мыңбұлақ ауылдық округінің Аналар алқасының мүшесі Сара Медербаева “Балауса” бөбекжай-балабақшасына барып, бүлдіршіндерге ертегі айтып, аңыз-әңгімелер оқып берді.
Ертегі оқудың мақсаты – балалардың ертегіге қызығушылығын ояту, ойын еркін жеткізуге баулу, ертегі кейіпкерлерін рөлдерге бөліп сахналау, қиялын шыңдау. Ертегілер қойылымын көрсету арқылы балалардың танымдық белсенділігін арттыру. Балаларды кішіпейілділікке, мейірімділікке өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Халқымыз «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деп бекер айтпаса керек, әжелеріміздің әр айтқан сөзі тәрбиеге тұнып тұр.
Балақайлар ертегілер еліне саяхат жасаған әжелердің келгеніне қатты қуанды. Өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұнатқан кейіпкерлері туралы білуге құмартты. Олардың бала көңілінде бұл әжейлердің бейнесі мәңгі сақталады деп сенеміз. Себебі, ертегі айту арқылы асыл әжелеріміз бала жүрегіне жол табары анық. Одан әрмен қарай әдетте ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, адал мен арамды ажырата білуге жол сілтейтін тағылымға толы әңгіме жалғасын тапты. Тәрбиенің алғашқы мектебі саналатын қазыналы қарттарымыз аман болсын!
Талапты ауылдық клубы

Таңдаулы материалдар

Close