Basty bet

Ана тілім – ардағым

Аудандық ардагерлер үйінде 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Тоқсабаева, әкелер мен билер кеңесінің төрағалары, аудандық этно-мәдени орталықтарының жетекшілері және өзге ұлт өкілдері қатысты.
Іс- шараны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Тоқсабаева құттықтау сөзбен ашып, дөңгелек үстел басына жиналғандарды мерекемен құттықтады. Әрі қарай құттықтау сөз кезегі аудандық әкелер мен билер кеңесінің төрағаларына берілді. Ал этно-мәдени орталықтарының жетекшілері осындай тамаша Қазақстан деген елде тұрып жатқандарына қуанышты екендерін, осындай бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқандарын мақтанышпен жеткізді.
№1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназияның 11 сынып оқушылары, шешен ұлтының өкілдері қонақтарды ана тілінде құттықтаса, енді бірі қазақ тілінде өзінің жылы лебізін білдірді.
Іс-шара әрі қарай аудандық «Достық» мәдениет үйінде «Ана – тілі ардағым» атты концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерттік бағдарламада алғашқы сөз аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Естаеваға берілді.
– Құрметті тіл жанашырлары! Сіздерді 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтаймын!
2017 жылы күзде үкімет қаулысымен Қазақстан халқы тілдері күні 22 қыркүйектен 5 қыркүйекке ауыстырылды. Мұның өзіндік себебі бар еді. 5 қыркүйек – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы, қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Қазақстан халқы тілдері күні – елімізде тұрып жатқан этнос өкілдерінің мәдениеті мен тіліне деген құрметтің белгісі. Бұл мереке бейбітшілікті, халқымыздың келісімі мен бірлігін сақтаудың маңызды екенін білдіреді. Аталған құндылықтар тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі, жалпыұлттық бірегейлігіміздің көрінісі болып табылады.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет, бір шаңырақ астында 130-дан астам ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүруде.
Тіл мерекесі біз үшін және еліміз үшін ең маңызды мерекелердің бірі. Себебі, тіл адамның қарым-қатынас, ойлану құралы. Сондықтан ол – адамзаттың интеллектуалдық әлеуетінің қазынасы ретінде халықтың ең құнды байлығы болып есептеледі- деді Ғазиза Тоқсабайқызы.
Іс-шарада аудан орталығындағы мекептерде білім алатын оқушылар өздерінің өнерлерін көрермендерге паш етті.
№7 Т.Әкімов атындағы орта мектептің оқушысы Кристина Чакова А.Байтұрсынұлының «Анама хат» өлеңін мәнерлеп, жатқа айтып берді.
Іс- шараны Роза Әлқожаның «Атамекен» әнімен қорытындылады.

Баян Оразбаева,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close