Basty bet

Кассациялық соттың құрылуы судьялардың тәуелсіздігін арттырады

2025 жылдан бастап Жоғарғы сот кассациялық саты болуды тоқтататып арнайы кассациялық соттар құрылады.

Астанада қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш дербес кассациялық сот құрылады.

Кассациялық соттың істерді қарау мерзімі 6 айдан аспайды. Сот жүйесіндегі осы реформалардың мақсаты сот төрелігін іске асыру сапасын, судьялар корпусының кәсібилігін, олардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыруға бағытталған құқықтық тетіктерді жетілдіру болып табылады.

Сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың сапасына және істерді қарау кезінде соттың барлық сатысында заңдылықты сақтау мәселесіне айрықша назар аударылады.

Кассациялық соттарды өңіраралық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады.

Кассациялық соттарды Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады, атауын өзгертеді және таратады.

Кассациялық соттың құрылымы мен құрамы.

  1. Кассациялық сот төрағадан және судьялардан тұрады.
  2. Кассациялық сотта мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.
  3. Мамандандырылған құрамдарды кассациялық соттың төрағасы жасақтайды.
  4. Жалпы отырыс кассациялық сот органы болып табылады.
  5. Судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау үшін кассациялық сот жанынан консультативтік-кеңесші орган – Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады.

Жоғарғы сот актілерін қайта қарау ерекше жағдайларда мүмкін болады. Жаңа механизм Жоғарғы сот төрағасының өкілдік институтын ауыртпалықсыз жоюға мүмкіндік береді.

Жаңа түзетуге сәйкес Жоғарғы Соттың рөлі өзгереді. Сот төрелігін тек жергілікті және кассациялық соттар ғана жүзеге асырады. Жоғарғы Соттың негізгі мақсаты сот тәжірибесін нақтылау және біркелкілігін қамтамасыз ету болады.

Осыған байланысты Жоғарғы Сот судьясының бастамасы бойынша жоғары сот органы жергілікті соттардың шешімдерін ерекше жағдайларда қайта қарайды:

Сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі аспектілері, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар міндетті түрде жемісін береді.

Қазақстандық сот төрелігі жүйесінде қабылданған шешімдердің заңдылығымен негізділігін қамтамасыз етуде кассациялық сатыға шешуші рөл берілген.

Жүйе сот төрелігі мен әділдігінің артуына септігін тигізбек. Кассациялық сот Астана қаласында отырып, бүкіл республикалық деңгейде жұмыс істейді. Төменгі сот шешімімен келіспегендер бірден осында жүгіне алады. Бұл – сот жүйесінің әділ жұмыс істеуіне кепілдік беріп, азаматтардың сенімін арттырады.

Президент тапсырмасына сәйкес кассациялық соттар өз алдына құрылып жатыр. Кассациялық сот үш бағытта жұмыс істейді. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді толық қарайды.

Сот – бейтарап, тәуелсіз әрі әділ болуы шарт. Өйткені олардың шешімімен төрелігін көткендердің тағдыры таразыға салынатыны анық. Ал бүгінгі заң жобасы сот төрелігі мен судьялардың мәртебесі бойынша жылдар бойы жасалып жатқан реформаның тармағы.

Жуалы ауданы Сот Әкімшісі басшысы

Ералиев Самат

 

Таңдаулы материалдар

Close