Basty bet

«Ана тіліміздің» беделін көтеру тек біздің мақсатқа жету қайсарлығымызға байланысты.

Үкімет, мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тілін сақтау мен дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті деп көрсетілген».

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы болып саналады. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту еліміздің саясатының басты басымдығы болып қала береді.

Қоғамда, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі қоғамымызда жастардың белсенділігі жоғары. Жастарға баса назар аудару арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін береді деп ойлаймын.

Қазақстандағы тіл саясатының көпұлтты мемлекетіміздің тұрақты дамуына ізгілікті қызмет етіп отырғандығы қуантады. Сонымен бірге, әр ұлт өкілдерінің қазақ тілін білуге талпынуы қуантатын жағдай.

Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз еткеніміз абзал.

«Мемлекеттік тілдің проблемасы – тек қазақ халқының ғана проблемасы» — деп қарауға болмайды. Әлемдегі барлық өркениетті елдердегідей мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет істейтіндердің бәрі бұл тілді білуі жөн.

Елімізде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Ал бұл істің шешуі шыдамдылық пен табандылықты талап етеді. Тілді үйрету зорлықпен емес, шынайы ынтамен ыңғайлайтын шаруа.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі қабылданған Заңында « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ‑ қазақ тілі.

Мемлекет басшысы Қасым ‑ Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар ‑ ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді деген.

Қорытындылай келе «Ана тіліміздің» беделін жоғарылату тек біздің ниетімізге, ынтамызға, мақсатқа жету қайсарлығымызға байланысты болып отыр, сол тұрғыда барлығымыз осы игі іске ат салысып қолға алайық ағайын!

Тіліміздің тағдыры өз қолымызда, тіліміздің мәртебесін көтерейік”

 

Жуалы аудандық сотының төрағасы

 Бабырхан Абуев

Таңдаулы материалдар

Close