Qoǵam
Баянды бастаманың игілігі
Қарапайым заттар экономикасы пилоттық жобасының мақсаты – әлеуметтің әлеуетін көтеру. Жаңа жобаның басты шарты – қолдау білдіре отырып, жеке қосалқы шаруашылықты тиімді табыс көзіне айналдыру, дамыту болып отыр. Сол арқылы ауыл шаруашылығы өнімін еселеп көтеру, қайта өңдеуді дамыту, импортты алмастыру, азық-түлік бағасын төмендету, жұмыссыздықпен тиімді күресу, әлеуметтік көмекке жүгінушілердің санын азайту, жалпы ауылдың әл-ауқатын көтеруге жол ашу.
Өңір басшысы өзі бастаған жұмысшы топпен бұған дейін барлық ауылдық округті аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге ауданда облыс әкімі бастаған жұмыс тобы да болды. Нәтижесінде ауданымыздан Ақтөбе ауылдық округі пилоттық жобаны жүргізуге таңдап алынды. Бүгінгі таңда аудан әкімінің орынбасары Әбдікерім Уркумбаев бастаған жұмысшы топ күнделікті ауылдық округ тұрғындарымен, оның ішінде жобаға қатысып жатқан азаматтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде. Нақты айтқанда, дәл бүгінгі таңда жобаға қатысушы тұрғындардың тиісті құжаттары дайындалу үстінде. Бұл маңызды істің көбі бітіп, азы қалды. Оған ауданымыздағы тиісті мекеме басшылары мен қызметкерлері де белсене атсалысуда.
Көп ұзамай-ақ ауылдық округтің тұрғындары да баянды бастаманың игілігін көреді деп күтілуде.
Жаңа жоба бес бағыттан тұрады. Олар: үй іргесіндегі жерді, ауладағы мал шаруашылығын, тұрғындардың ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану, кооперативтер құру, тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобаларды қаржыландыру болып табылады.
Газетіміздің бүгінгі санынан бастап «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, жобаның тиімділігі туралы жан-жақты зерттелген мақалалар жарияланып тұратын болады.
Бүгінгі санда аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің Ақтөбе ауылдық округінде «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстары туралы мәліметтер беріліп отыр.
Ақтөбе ауылдық округінде «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар
Ақтөбе ауылдық округіндегі аула саны – 494. Жер көлемі – 78 га. Халық саны – 2603.
ІІ бағыттағы – Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану бойынша, өтінім берген аула саны -136, мал-құс саны – 2531 басты құрайды. Аталған бағыт бойынша, барлық жоспар – 163 өтінім, нақты «Тараз» ӘКК-не өткізілген құжаттар саны – 182, сомасы – 716 млн. теңге. Орындалуы – 111 пайыз.Оның ішінде: ІІ Бағыттағы мал шаруашылығы бойынша, жоспар – 155 өтінім, нақты – 178 аула, соммасы 694 млн. тг. Орындалуы – 114 %.
V Бағыттағы шағын жобаларды қаржыландыру бойынша, жоспар – 7, нақты – 4 аула, сомасы 22,0 млн.тг. Орындалуы – 57 %.
Мал түрлері бойынша өткізілген өтінімдер:
а) МІҚ сүт бағыты бойынша – 334 басқа, сомасы 116,0 млн.тг.
б) МІҚ бұқашықтар ет бағытындағы – 342 басқа, сомасы 85,5 млн.тг.
в) Ұсақ қой малына – 1290 бас, сомасы 51,6 млн.тг.
г) Жылқы малына – 813 бас, соммасы 325 млн.теңгеге өтінімдер өткізілген. Жалпы соммасы – 578 млн. теңге.
Кепілдікке қойған мүлкін бағалау бойынша 115 үйге бағалау жұмыстары жүргізіліп, 81 үйдің құжаттары дайын болып, «Тараз» ӘКК-не өткізілді. Несиелік комитетке енген құжаттар саны – 12 құжат, сомасы – 46,7 млн. теңге.
«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» аясында Ақтөбе ауылдық округінде «Атамекен-Бастау» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жұмыс атқаруда. «Атамекен-Бастау» кооперативі 2018 жылы 35 мүшесімен құрылған. Бүгінгі күнге мүшелерінің саны 173-ке жетті. Кооперативтің төрағасы – Сұлтанмұратов Зайырбек. Кооператив күздік бидайдың «Ермак» сортты 4 тонна элиталы тұқымын алып, 2 участокқа, яғни 20 гектарға күздік бидай екті.
«Атамекен-Бастау» кооперативі консерві цехының жабдықтарын және наубайханаға қажетті жабдықтарды сатып алу үшін «PROSNAB service» ЖШС-мен келісімшартқа отырды. Қажетті барлық жабдықтарды жеткізу, монтаждау, ары қарай оқытып, үйретуді аталған компания өздері атқарады.
Биылғы жылы алынатын 3 дана «МТЗ» тракторларын «ВИРАЖ» ЖШС-мен, 16 дана ауыл шаруашылығы тіркемелерін «Казахстанская Агро Инновационная Корпорация» ЖШС -мен , «Масс Металл» ЖШС-мен келісім шарт жасады.
Рақымғазы Құниязов,
аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы
бөлімінің басшысы