El іshі

«Арманыңды жүзеге асыр!»

атты жас отбасылар форумы

Жуырда Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі «Отбасы институтын нығайту тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу қызметін ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобасы аясында «Арманыңды жүзеге асыр!» атты жас отбасылар форумы өтті.
Форумға ауданымыздың дамуына атсалысып жүрген үлгілі отбасылар қатысты. Мәселен, ондай отбасылардың қатарында Шақпақ ауылдық округі №4 Балалар өнер мектебінің домбыра, эстрадалық ән бойынша ұстаздық етіп жүрген Әубакіровтар отбасы, яғни Ринат пен Жанерке де бар. Сонымен қатар Қызыларық ауылдық округі №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте саналы ұрпақ тәрбиесіне өз үлестерін қосып жүрген Оспанбаевтар отбасы және Нұрлыкент ауылдық округінен Өтеповтар отбасылары, яғни Қанат пен Сандуғаш та бақтарын сынап қайтты. Олар ұрпаққа үлгі бола білген 40 жыл отандасқан үлгілі отбасылардың батасы мен ақыл-кеңесін ала отырып, тағылымды әңгіме-өсиеттерін тыңдаған жайы бар.
Сондай-ақ ауданымыздың көркеюіне, дамуына атсалысып жүрген, жетістіктері мол Қызыларық ауылдық округінің Успанбаев пен Гүлдана Төлепбергеннің шағын отбасы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекованың Алғысхатымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Шақпақ ауылдық округінің әкімі Мұстафа Бектұрғанов қызмет пен отбасылық өмірді қатар игеріп жүрген отбасыларға алғысын жеткізді. Жастардың ойларына жақсы жағынан ықпал ету мақсатында келелді әңгіме қозғап, ой-пікірімен де бөлісіп өтті.
Отбасы – адам баласының жанына сая табатын құтты мекені. Отбасы – ұлы күш. Қандай дауыл тұрса да өзара махаббатты берік ұстай отырып, сыйластық, кешірім, кішіпейілділік секілді асыл қасиеттер арқылы отбасының беріктігі биік болып қалана түспек. Осы орайда, аталған іс-шараны ұйымдастырған облыстық ішкі саясат басқармасын мен облыстық Іскер әйелдер қауымдастығына алғысымды білдіремін.
Элмира Сүйінбаева,
Бауыржан Момышұлы ауылының жастар ісі нұсқаушысы

Таңдаулы материалдар

Close