Basty bet

ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ

Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында«15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
Ауданға қарасты Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл толуына орай «Әдебиет әміршісі – Мұхтар Мағауин» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Кеш барысында №7 Т.Әкімов атындағы орта мектептің оқушылары Нұрали Болатхан, Ақтілек Құрманғали, Айзере Қалмахан, Данеля Алиханова, Кристина Чакова және Балауса Пірім жазушыға арналған өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, Ерназар Жамбылхан Мұхтар Мағауиннің «Шахан шер» романынан үзінді айтты. Ерназар Жамбылхан, Алмас Төрехан, Айсұлтан Қуанышбай, Әсел Бердіқұл және Інжу Әкімбек «Ерке сылқым», «Келіншек» күйлерін нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы Айжан Жанабаева «Әдебиет әміршісі – Мұхтар Мағауин» атты кітап көрмесіне шолу жасап, «Тарихтан тағылым тартқан» әдістемелік құрал, «Қазақ халқының әдебиеті мен қоса тарихын тереңдеткен тұлға» библиографиялық көрсеткіш, «Мұхтар Мағауин – орнықты дарын, үлкен талант» атты ауызша журналын және кітап инсталляциясын таныстырды. Кітапхана директоры Қайсар Асылбеков қатысқан оқырмандарға алғыс білдіріп, Алғысхаттармен марапаттады.

Таңдаулы материалдар

Close