Basty bet

Жастарға берілген зор мүмкіндік

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарды қолдау, жастардың қабілеттерін айқындап, сапалы қызмет көрсететін кадр құру мақсатында қабылданған маңызды жобасы бойынша қабілетті, тәжірибелі жастарды іріктеп алып, оларды бос мемлекеттік басшылық қызметке тұруға мүмкіндік береді. Жобаға кез келген жастар қатыса ала алмайды. Ол үшін жасы 35-тен аспаған, жоғары білімді, бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар және жұмыс істейтін басшының ұсыным хатымен қатыса алады. Жоба бес кезеңнен тұрады. Жобада бес кезеңнің әрқайсысы жеке-жеке жас маманның жан-жақтылығын айқындау мақсатында түрлі сынақтар өтеді.
Президенттік жастар кадр резервіне қатысуға басшының ұсыным хатына сәйкес мен де мүмкіндік алып отырмын. Аудан бойынша бұл жобаға қатысатын үміткерлердің тізімінде болғанымды үлкен мәртебе санаймын. Тіркелу ағымдағы жылдың 1-30 қыркүйек аралығында онлайн түрде өткізілді. Сайтқа тіркелу және құжаттарды толтырып тапсыру барысында өте мұқият болу керек. 1-кезең – қабілеттерді тестілеу. Бұл кезең үміткердің сандық және мәтіндік ақпаратты талдау қабілетін анықтауға бағытталған вербальді және сандық тест тапсыру арқылы жүзеге асырылады. Осы кезеңнің тестілеуіне қатысып, шекті балды ала алмай, келесі кезеңге өтпедім. Бастысы – осындай жобаға қатысқаныма қуандым. Себебі, мына сындарлы заманда жастарды қолдап, қабілеттерін байқап, білімділігінің арқасында жұмыс ұсынып жатқан үлкен жобаның бар болғанына қуандым. Еліміздің болашағы – жастар екені бәрімізге мәлім. Сондықтан қазір технологияның дамыған кезеңінде жан-жақты білім алуға біздің елімізде үлкен мүмкіндіктер бар. Соны пайдаланып, тек еңбектену керек, яғни, бір жақты болып қалмай бүкіләлемдік деңгейдегі еңбектермен танысып, оқып, өзіңді-өзің дамытып, парасатты болу керек деп ойлаймын.
Жобаға қатысушы барлық үміткерлерге сәттілік тілеймін!

Қарлығаш БЕЙСЕУОВА,
Ақсай ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы

Таңдаулы материалдар

Close