Basty bet

Ауру – астан!

Тамақтан улану – табиғи микробты және микробсыз болып бөлінетін, ластанған тағамдарды тұтыну салдарынан туындайтын ауру. Ол жұқпалы емес, алайда ас қорыту жүйесінің бұзылуымен қатар жүреді. Аурудың негізгі себебі – микроорганизмдермен бактериялардың ағзаға тамақ арқылы түсуі.
Тамақтан уланудың алдын алу үшін негізгі үш қағиданы сақтау керек. Біріншіден, тағамның бактериялармен ластануына жол бермеу үшін жеке гигиена ережелерін сақтау. Екіншіден бактериялардың көбеюінің алдын алу үшін тамақ өнімдерін дұрыс сақтау. Үшіншіден, тағамды термиялық өңдеуден өткізу арқылы зиянды бактериялар мен токсиндерді жою. Тамақтану арқылы улануға шалдықтыратын, сұрыпталған азық-түлік өнімдерінің көлемі үлкен, оған бірінші кезекте тез бұзылатын азық-түлік өнімдері жатады. Олар тоңазытқышта сақталмаған сүт өнімдері, майонез, қаймақты кремі бар өнімдер, пайдалану мерзімі өтіп кеткен немесе қуырылмаған және дұрыс пісірілмеген ет, балық, құс, жұмыртқа өнімдері жатады.
Кейбір өнімдердің сыртқы түрі мен дәмі өзгеруі мүмкін. Алайда олардың құрамында қауіпті бактериялар болуы мүмкін. Сондықтан өнімдерді сатып аларда олардың жарамдылық мерзіміне, қаптамасының бүтіндігіне назар аудару қажет. Тамақ дайындау кезінде жеке тазалыққа көңіл бөліп, дайын өнімдерді дұрыс сақтау маңызды. Бұзылған тағамдарды тұтыну денсаулыққа үлкен қауіп төндіретіндіктен күмән тудыратын өнімдерді дереу жойған жөн. Сондай-ақ тағамнан уланудың алдын алуда аса мән беретін ережелер: Жарамдылық мерзімі өткен немесе қаптамасы зақымдалған өнімдерді тұтынбау, шикі тағамдарды мұқият жуу, ет пен құс өнімдерін толық пісіру, дайын тағамдарды бөлме температурасында ұзақ сақтамау, азық-түлікті тоңазытқышта сақтау, тамақты қайда қыздырып тұтыну, шикі және пісірілген өнімдерді бөлек сақтау, қолды жиі жуу, ас үй тазалығын реттеу, тамақты жәндіктерден және тек таза суды пайдалану қажет. Тағамнан уланған кезде байқалатын белгілер: асқазанның зақымдануы, жүрек айну, құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауруы. Ағзаның жалпы жағдайы нашарлайды, әлсіздік, босандық, бастың ауруы кейде дене қызуының көтерілуі пайда болады.
Егер улану белгілері байқалса, өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз, тез арада дәрігерге жүгіну қажет.

Гаухар Байдаулетова,
санитарлық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері

Таңдаулы материалдар

Close