Basty bet
Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету: дәрілер мен қоспаларды қалай тегін алуға болады?
Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде кейбір науқас топтарына амбулаториялық тегін дәрілік қамтамасыз ету (АТДҚ) қарастырылған. Бұл дегеніміз, диагнозы расталған пациент дәрігердің тағайындауымен кейбір дәрілер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тегін ала алады.
Құқықтық негіз
Дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету бірқатар нормативтік актілермен реттеледі. Негізгі құжат — ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 ақпандағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығы «Амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы».
Құжатты кез келген азамат интернеттен бұйрықтың номері мен күнін енгізу арқылы таба алады.
Маңызды: тізімде халықаралық патенттелмеген атаулар (ХПА) көрсетіледі, сауда атаулары емес. Яғни, емхана тапсырысты нақты брендке емес, ХПА бойынша береді. Мысалы:
Диагноз ХПА Сауда атауларының мысалы ЖИА (жүректің ишемиялық ауруы) Ацетилсалицил қышқылы 75/150 мг Тромбо АСС, Кардиомагнил, Тромбопол
Қант диабеті Метформин Глюкофаж, Сиофор ЖРВИ Парацетамол Тайлол, Парацетамол Бронхиальды астма Сальбутамол (аэрозоль) Вентолин, Саламол Эпилепсия Вальпроат қышқылы Депакин, Конвулекс Гипертония Эналаприл Энап, Карлон
*Пациент тек бір брендті талап ете алмайды — заңға сәйкес «СК-Фармация» жеткізушісінің конкурстық негізде сатып алған дәрісі беріледі.
Маңызды ескерту!
• Емхана дәрі-дәрмектерге жыл басында өтінім береді.
• Егер диагноз жыл ортасында қойылса, дәрі қоймада болмауы мүмкін.
• Бұл жағдайда учаскелік дәрігер қосымша өтінім береді, бірақ ол бірнеше айға созылуы мүмкін.
Дегенмен, кейде препарат бірден берілуі мүмкін, егер:
• басқа пациент бас тартса немесе емдеу сызбасы өзгерсе;
• басқа емханадан қалған дәрі бізге берілсе.
*Жекеменшік дәріханалар АТДҚ-ға қатыспайды, олардағы бар дәрі – бұл бағдарламаға кірмейді.
Ана сүтіне балама тегін қоспалар!
Қоспалар да дәрілік қамтамасыз ету тізіміне кіреді, бірақ тек медициналық көрсеткіштермен ғана тегін беріледі. Бұл ретте, ата-аналардың өз қалауы жеткіліксіз. ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 ақпандағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығымен реттелген:
Қоспаларды тағайындау көрсеткіштері:
Абсолютті көрсеткіштер:
1. медициналық:
– емізетін ананың ауруы (АИТВ инфекциясы, туберкулездің белсенді түрі)
– баланың ауруы (расталған туа біткен лактазды жеткіліксіздік, галактоземия, фенилкетонурия, “үйеңкі шәрбаты” ауруы)
2. әлеуметтік:
-асырап алынған балалар:
Салыстырмалы көрсеткіштер:
1. медициналық:
-бейінді маманның қорытындысы болған кезде дәрілік препараттарды (цитостатиктер, радиоактивті, тиреоидті, психотропты, есірткілік) қабылдаумен сүйемелденетін емізетін ананың ауруы:
-күрделі психикалық аурулар (психоздар немесе ауыр босанғаннан кейінгі күйзелістер), туа біткен және жүре пайда болған жүрек кемістігі, жүрек-қантамыр жүйесінің декомпенсациясымен сүйемелденетін жүрек аурулары, эндокриндік аурулардың ауыр түрлері, аллергиялық аурулардың ауыр түрлері;
2. әлеуметтік:
– көпұрықтық жүктіліктен туған балалар;
– білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын аналардың балалары
– ананың стационарлық емі
Қалай алуға болады:
•Қоспалар 12 айға дейін тегін беріледі
•Учаскелік педиатр қарап, комиссия шешімін шығарады.
•«СК-Фармацияға» өтінім жіберіледі.
Ата-аналар түсінуі керек: егер балада көрсеткіш болмаса, тек «естіп едік» немесе «басқалар алады» деген себеппен қоспа тағайындалмайды.
Қорытынды:
Тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен және қоспамен қамтамасыз ету — бұл маңызды әлеуметтік қолдау. Бірақ ол заңмен белгіленген тәртіппен, емхана өтінімі және нақты диагноз негізінде беріледі. Жеткізудегі кешігулер де болуы мүмкін, сондықтан учаскелік дәрігермен ашық сөйлесіп, түсіністікпен қарау керек.
Еркебұлан БЕРДАЛЫҰЛЫ,
аудандық орталық аурухананың бастапқы медициналық-санитариялық көмек бөлімінің меңгерушісі