Basty bet
Қоғам болып күресуге тиіспіз!
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрекетсіздік азаматтардың наразылық сезімдері мен құқықтық нигилизмнің өсуіне әкеледі. Біздің мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны жою бойынша қарқынды жұмыс жасап, көптеген заңдар күшейтіліп, белсенді іс-шаралар жүргізілуде.
Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпымемлекеттік мәртебе берілгендіктен, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу және шектеу бойынша қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп үлкен жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбі азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі – моральдық тарап үлкен рөл атқаратын заңды сақтау. Өйткені, тәкаппар адам заңдарды бұзбайды. Жалпы айтқандай, егер сіз әлемді өзгерткіңіз келсе, өзіңізді өзгертіңіз. Бұдан шығатыны, егер әрбір азамат әрқашан өзінен бастаса, мысалы, өз міндеттерін адал және әділ орындаса, онда сыбайлас жемқорлық азаяды. Осылайша, сыбайлас жемқорлықты жою үшін бүкіл қоғам күресуге тиіс. Сонда ғана біздің еліміз сыбайлас жемқорлық жоқ әлемдегі мемлекеттердің біріне айналады.
Нұрсұлтан РАҚЫМБЕК,
Нұрлыкент ауылдық округінің әкімі