Basty bet

ЖРВИ және тұмау: сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдай

Тұмау – бұл кез келген адамның жұқтыруы мүмкін жұқпалы ауру. Тұмау тиген адамның жанындағы адамдардың аңқасына енген вирус тұмаудың қоздырғышы болып табылады. Адамның көбі тұмаумен бірнеше күн ғана ауырады, бірақ кей жағдайларда одан да күрт нашарлауы мүмкін, өлімге дейін әкелетін аурудың ауыр ағымы болуы ықтимал. Тұмау кезінде созылмалы аурулар күшейеді, сонымен қатар тұмаудың кең ықтимал асқынулары бар: өкпенің асқынуы (пневмония, бронхит). Пневмония көп жағдайда тұмаудан өлім-жітімге әкелетін себеп болып табылады. Асқынуларды болдырмау үшін тұмаудың алдын алуды уақтылы жүргізу және аурудың өзін дұрыс емдеу маңызды. Өкпенің асқынуы (пневмония, бронхит). Пневмония тұмаудан қайтыс болғандардың көпшілігінің себебі болып табылады. Тұмаудан асқынуларды болдырмау үшін аурудың алдын алуды уақтылы жүргізу және аурудың өзін дұрыс емдеу маңызды.
Тұмаудың қоздырғыштары А және В типті вирустар агрессивтілігімен және өте жоғары көбею жылдамдығымен сипатталады. Сондықтан инфекция жұқтырғаннан кейін бірнеше сағат ішінде вирус тыныс алу жолдарының шырышты қабығының терең зақымдалуына әкеледі. Бұл бактериялардың дамуына мүмкіндік береді.
Тұмау белгілері: дене қызуының 37,5–39°С көтерілуі, бас ауру, бұлшықеттер мен буындардың ауыруы, қалтырау, шаршау, жөтел және мұрыннан су ағу немесе мұрын бітелуі, тамақ ауруы және қышу. Науқаста алғашқы белгілері пайда болған кезде басқаларға жұқтырып қана қоймай, емдеуді уақытында бастау үшін үйде болуы керек, ол үшін дереу дәрігерге жүгіну керек. Инфекцияның одан әрі таралуын, сау адамдармен қарым-қатынасты болдырмау үшін науқасты оқшаулау керек.
Маңызды! Ата-аналар! Ешбір жағдайда тұмау жұқтырған балаларды балабақшаға, мектепке және мәдени шараларға жібермеу қажет. Тұмау кезінде төсек режимін сақтау өте маңызды. Өйткені ауру жүрек-тамыр, иммундық және басқа дене жүйелеріне жүктемені арттырады. Тұмауға қарсы өзін-өзі емдеуге жол берілмейді. Дәрігер диагноз қойып, науқастың жағдайы мен жасына сәйкес қажетті ем тағайындауы қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұстанымына сәйкес, тұмауға қарсы ең тиімді құрал вакцинация болып табылады. Өйткені, дәл осы эпидемиологиялық маусымда ең өзекті болып табылатын және оның бөлігі болып табылатын тұмау вирусының түрлерінен қорғауды қамтамасыз ететін вакцина. Тұмау маусымы басталмай тұрып, тұмауға қарсы екпе алыңыз. Адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде киіңіз. Өз денсаулығыңызды күтіңіз!
Тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу жолдары:
1. Профилактика әдістерінің бірі науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу болып табылады. Адамдар көп жиналатын орындарға бармау, маусымға сәйкес жылы киіну қажет.
2. Халық көп жиналатын жерлерде, сондай-ақ науқасқа күтім жасаған кезінде науқас адам да, дені сау адам да бетперде киюі керек.
3. Науқас үйде болғанда оны оқшаулау керек, бөлмені жиі желдету және ылғалды жинау жүргізу керек, науқасқа жеке ыдыс бөліп, оны тұрақты түрде өңдеу керек.
4.Тұмау профилактикасының маңызды әдістерінің бірі әсіресе ауырған кезінде немесе науқасқа күтім жасағанда қолды сабынмен немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдаланып жиі жуу болып табылады.
5.Тамақты салқын сумен шаюдан бастап контрастылы себезгі мен бассейнді пайдалануға дейін организмді шынықтыру қажет.
Тұмау өзінің асқынуларымен қауіпті. Сондықтан респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада дәрігерге көріну қажет!
Ауданда тұмауға қарсы вакцинация жүргізілді!
Аудандық орталық емханада және аудандық орталық ауруханаға қарасты дәрігерлік амбулаторияларда тұмауға қарсы екпе егу науқаны аяқталды. Ауданға 2025 жылдың 25 қыркүйек күні аудан халқын иммундау үшін тұмауға қарсы «Гриппол+» вакцинасының барлығы 4312 дозасы келген. «Гриппол+» инактивацияланған вакцина Ресейде өндірілген. Аталған вакцинаның құрамында тұмау вирусының А (H1N1 және H3N2) және В қосалқы типінің штамдары бар. Негізгі ауруға байланысты тұмаудың неғұрлым ауыр түріне бейім адамдар да вакцинациялануы керек.
Тұмауға қарсы кімдерге екпе тегін салынады?
18 жасқа толмаған созылмалы ауруы бар балаларға; медицина қызметкерлеріне; жүкті әйелдерге; жабық үлгідегі мекемедегі адамдарға (балалар үйі, мектеп интернат); созылмалы ауруы бар мүгедек ересектерге; 65 жастан асқан азаматтарға.

Батырбек Үсенбаев,
аудандық орталық аурухананың
бас дәрігері

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close