Basty bet
“Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз болашақ!”
Жуалы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияда “Заң мен тәртіп” Қауіпсіз Қазақстан үшін” қағидаты аясында “Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз болашақ!” тақырыбында оқушылармен кездесу өтті.
Кездесуге аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ерназар Жүзбаев, аудандық полиция бөлімінің инспекторы Илияс Жұмағұлов және аудандық полиция бөлімінің зорлық-зомбылық бөлімінің басшысы Бексұлтан Таңсықбай, аудандық жастар ресурстық орталығының заңгер-маманы және мұғалімдер қатысты.
Кездесуде оқушылардың құқықтық білімін арттыруды, заңды құрметтеуге тәрбиелеуді және құқықбұзушылықтың алдын алуды көзделді.
Шара барысында сөз алған білім бөлімінің және полиция бөлімінің қызметкерлері жан-жақты ақпарат бере отырып, оқушыларды өз құқықтары мен міндеттерін терең меңгеруге, заңға бағынатын саналы, білімді және тәртіпті азамат болуға шақырды.