Basty bet
Арда туған ақындардың бірі едің.
Қошқарата топырағында ойнаған,
Бала күннен елдің қамын ойлаған.
Тау жаңғырып қалды асқақ жырларың,
Жерлестерің оқып күнде қоймаған.
Мақтан тұтып ұрпақтарың кейінгі,
Есіне алып шаттанады өзіңді.
Мен де өлеңді дәл өзіңдей сүйемін,
Ойға түйіп балдай тәтті сөзіңді…
Аман болсаң алпыс беске келер ең,
Шын ақынды сонда көзбен көрер ем.
Мерейтойда төредей боп отырып,
Ақындарға өзің бата берер ең…
Жас ұрпаққа асыл тұлға, ірісің,
Мәңгі-бақи өлмейтұғын тірісің.
Ұшқыр қиял, өлмес асыл өлеңің,
Арда туған ақындардың бірісің.
Ал, ендеше, әруағыңа бас иіп,
Доғарайын өлеңімді мен түйіп.
Жуалының шықпайтұғын есінен,
Суретіңді жатыр бүкіл ел сүйіп…
Нұрислам АСЫЛХАН,
№9 Абай атындағы орта мектептің
7 сынып оқушысы.
Қошқарата ауылы