Basty bet

Серік Сәлемов білім саласы өкілдерімен Конституция жобасын талқылады

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов білім саласы өкілдерімен Конституцияның жаңа жобасын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Жиынға облыс орталығындағы колледждер мен мектептердің директорлары, білім беру ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Кездесу барысында Конституцияның жаңа жобасының негізгі бағыттары кеңінен таныстырылып, Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың ел дамуына ықпалы жан-жақты талқыланды. Әсіресе, білім беру жүйесін жетілдіру, педагог мәртебесін арттыру және балалардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Серік Сәлемов өз сөзінде білім саласының қоғам дамуындағы стратегиялық маңызын атап өтті. Оның айтуынша, адам капиталының сапасын арттыру, жас ұрпаққа қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру және білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерін кеңейту – елдің тұрақты дамуының негізгі кепілі.

Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Білім беру ұйымдарының басшылары Конституцияның жаңа жобасы әділетті қоғам қалыптастыруға, білім сапасын арттыруға және елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге оң әсер етеді деген сенім білдірді.

Осындай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, жаңа Конституция жобасының мән-маңызын халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіле бермек.

Таңдаулы материалдар

Close